Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Неліктен Екпе Егу Керек?

Неліктен Екпе Егу Керек?

Неліктен Екпе Егу Керек?

Сәлем достар, бұл блогта мен сіздермен құнды информациямен бөліскім келеді. Өздеріңіз түсінгеніңіздей ол екпе туралы. Екпе егу дегеніміз (оырсша прививка, вакцина) – қауіпті аурудың алдын алу шарасы.

Біздің организмда туа біткен және де жүре пайда болған иммунитет бар. Туа біткен иммунды жүйе жедел жәрдем секілді бірінші көмек көрсетеді, ал жүре пайда болған иммунитет ауру қоздырғышын түгелдей жойып, адамның денсаулығын орнатады. Оған қоса сол қоздырғышты жадына сақтап, келесі кездескенде бірнеше есе күшті, жылдам жауап қайтарады. Алайда кей жағдайда, аса қу және қауіпті бактерия мен вирустар жеңіске жетеді. Соның бір мысалы шешек ауры. XVIII ғасырда шешекпен ауырған адамдардың денесі кетпейтін бөртпемен жабылатын. Эдвард Дженнер деген ағылшан дәргері ең алғашқы вакцина ойлап тапты. Соның арқасында шешек тудыратын қоздырғыш 1979 жылы әлем бойынша толығымен жойылды. Дженнердің ұстанған негізгі принципі – адамға вирустің өзін емес, толығымен ауру қоздырмайтын, кішкене ғана әсер ететін бір бөлшегін, мүшесін енгізу. Айтып өткеніміздей, жүре пайда болған иммунды жүйе сол бөлшекті есіне сақтап, келешекте ауруға әкеліп соғатын вирусты кезіккенде, оған қуатты соққы береді.

Қазіргі кезде көптеген ата-аналар екпеге сенімсіз көзқараспен қарайды. Олардың күмәнін түсінуге болады. Вакцина тиын секілді екі жаққа ие. Көпшілігін сақтағанымен, кейбір адамдар екпенің өзінен ауруға шалдығып жатады. Мысалы Ұлыбританияда бәрімізге танымал миқұрт (менингит) ауруына қарсы 10 жылдан астам уақыт мерізімінде екпе егіліп келеді. Аурулар саны 1168-ден 12-ге дейін азайған (Sadarangani, 2014). Демек, екпе жүз пайыз кепілдік бермесе де, көпшілікке зор көмегін тигізіп жатыр. Менің ойымша өз балаларына ешқандай екпе еккізбеген ата-аналар үлкен қателік жасайды. Көрінген адамнан 'екпе жаман екен' деген сөзге сене бермей, әдебиеттерді оқып, статистикаға назар аударып, ненің жақсы, ненің жаман екенін анықтағаннан кейін ғана сенімді қадам басу керек деп есептеймін.  

Қолданылған әдебиет

http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/25069868

2
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 07 қараша 2015, 23:31
Тегтер: Екпе, вакцина, привика, ата-аналар, денсаулық, медицина, биология, екпе егу,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.