- Негізгі бет
- Денсаулық
- Линзаны қолдану туралы...
Линзаны қолдану туралы кеңес
Қазіргі кезде көп адам көзілдіріктің орнына линзаны қолданылып келеді. Кей адамдар далаға шығарда линзаны жанынан тастамай жүреді. Олай болса, оны қолданудың, сақтаудың, таза ұстаудың қағидаларын да жадынан шығармасын деген ниетпен мына кеңестерді ұсынамыз.
– Линзаны сатып алған кезде оны сақтайтын арнайы сұйықтықты қоса алуды ұмытпаңыз. Линзаны жай суда, тіпті тазартылған суда да сақтауға болмайды. Оны тек арнайы сұйықтықта сақтау керек.
– Бір ерiтіндіні екінші рет қолданушы болмаңыз.
– Контактылы линзаны ұстамас бұрын қолды иіссіз, бактерияға қарсы сабынмен жақсылап жуып, одан соң, қолды таза сулықпен құрғатып алыңыз.
– Линзаны ешқашан ауызға салушы болмаңыз (тістемеңіз).
– Оң-солын шатастырып алмас үшін әрқашан қолыңызға бір ғана линзаны алғаныңыз дұрыс. Сақтықта қорлық жоқ.
– Шашқа лак сепкенде немесе басқа да спрейлер шашқанда линзалы көзіңізді жұмып себіңіз.
– Линзаны макияжды енді бастағанда тағып, макияжды тазалаудан бұрын алып тастаңыз.
– Көзді демалдыру үшін контактілі линзаны көзілдірікпен алмастырып тағыңыз.
– Линзаны моншада, саунада немесе ванна қабылдағанда тағуға болмайды.
– Көзге арналған тамшыларды тамызбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіп алған жөн.
– Линзаға, көзіңізге күтім жасағыңыз келсе, бір ғана рәсімді қолданыңыз. Әркімнің айтқан сөзіне еріп, әртүрлі шаралар жасайтын болсаңыз, өзіңіз үшін зиян болмақ.
Е. Жұмабайұлы