Қыста дәрумен жетіспеушілікпен күресу

Қыста дәрумен жетіспеушілікпен күресу
Фото: Magazine Delle Donne

Қыстың екінші жартысы – ағза үшін қорқынышты уақыт. Қысқы дәрумен жетіспеушілігінің себебінен иммунитет қорғансыз бола бастайды. Ендеше, иммунды қорғанышты қалай бекіту керек?

Маусымдық көмек

Қысқы дәрумен жетіспеушілігінің белгілерін адамдардың көпшілігі сезініп көрді.  Күштің азаюы, солғын тері, сынғыш тырнақтар мен шаш, созылмалы аурудың күшеюі және жиі тұмаулату дәруменнің жетіспеушілігін білдіреді. Дәруменді «қысқы» жемістер мен көкөністерден ала аласыз. Оларға асқабақ, сәбіз, шомыр (редька), ботташық (пастернак), цитрусты жемістер, киви және анар жатады. Бұл кезде емдік смузи дайындауға болатын ерекше бағаланатын жеміске құрма жатады. Банан мен құрманы блендермен езіп, оған үккіштен өткізілген занзабіл (имбирь) тамырының кішкене бөлігін, 100 мл минералды су, 1 шым-шым даршын салыңыз. Барлығын араластырып, иммунитетке өте пайдалы сусын дайындаңыз.

Шырғанақты (облепиховый) иммунитет

Қыста авитаминоздың (дәруменсіздік) ұлғайып кетуі көп жағдайда ағзаға А дәруменінің жетіспеуінен болады. Оның қалыпты деңгейін қалпына келтіруге майлы сүтті өнімдер, бауыр, жұмыртқа және теңіз балығы көмектеседі. А дәрумені қорының жеңімпазы – шырғанақ. Одан көбірек көлемде пайдасын алу үшін оны қантпен бірге үгу керек. Шырғанақтың балғын күйінде мұздатылған түрін кез келген супермаркеттен табуға болады. 1 кг шырғанақты жуып, ет тартқыштан өткізіңіз. Пайда болған массаны 1 кг қантпен араластырып, қақпағы тығыз жабылатын әйнек құтыға салыңыз. Бұл тәттіні шаймен ішуге немесе дәруменді шай дайындауға болады. Сонымен қатар, ол тамақ ісуін кетіруге де көмектеседі.

Дәруменді десант

Егер дұрыс тамақтануды ұстансаңыз, үй жағдайында авитаминозды емдеу туралы көп ойланбайсыз. Тамақтану үлесіңізде В тобының өнімдері көп мөлшерде болуы керек. Оған майсыз ет, барлық жармалар мен қарабидай наны жатады. Негізгі мәзірге кез келген астық тұқымдастардың кебегі пайдалы қосымша бола алады. 2 ас қасық ұнтақталған кебекке 50 мл қайнаған су құйып, жібігенше аздап күтіңіз. Содан соң оны жеп, аздап су ішіп алыңыз. Оны күніне 3 рет тамақтанар алдында жасаған жөн.

Тәттілер

Авитаминоздың алдын алу үшін қыз мезгілінде қантты азайтқан жөн. Қантты жиі әрі бақылаусыз қолдану иммунитетті әлсірететіні дәлелденген. Тәттілердің орнына табиғи бал, кепкен жемістер, қақталған жидектер, үй мармеладын жеуге болады.

А. Жапатова