- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күндіз 40 минуттан...
Күндіз 40 минуттан артық ұйықтау денсаулыққа зиян
Күндізгі уақытта 40 минуттан артық ұйықтау адам денсаулығына зиян тигізеді. Мұндай пікірді АҚШ дәрігерлері зерттеу жұмыстарының нәтижесінде айтып отыр.
Мамандардың пікірінше, күндізгі ұйқы зат алмасумен байланысты аурулардың асқынып, қан қысымының жоғарылауына, холестерин мен май ұлпаларының, қандағы қант мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
Сонымен қатар дәрігерлер күні бойы шаршап жүрудің де зат алмасуға кері әсер ететінін жеткізді. Мамандар күндізгі уақытта 40 минут ұйықтап алу дұрыс деп есептейді. Ал 1,5 сағаттық ұйқы метоболизмдік синдромды 50 пайызға ұлғайтады екен. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күндізгі ұйқының семіздік ауруына шалдықтыратыны да анықталды.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар күндізгі уақытта 2 сағаттан артық ұйықтау жүрек-қан тамырлары ауруларының асқыну қаупін 82 пайызға арттыратынан анықтаған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін