Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тез ұйықтау әдістері

Тез ұйықтау әдістері

Тез ұйықтау әдістері

Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйқыға кетуі керек. 4-10 сағат ұйықтаса қалыпты болады. Ал ұйқы қашу бір айдан артық уақыт жалғасса, әр аптада кемінде 3 рет ұйықтай алмай жүрсеңіз немесе түнде оянып кеткесін қайта ұйықтай алмай қойсаңыз, жұмыста қалжырап, рухыңыз серпілмей, жұмысқа зауқыңыз соқпаса, онда сіз ұйқысыздық ауыруына шалдыққан боласыз. Алдын алу және емдеу үшін уақытында демалу, жұмысқа уақытында шығып, уақытында түсу, кеш кірген соң миды шаршататын, тітіркендіретін ой еңбегімен шұғылданбау, өз-өзін тыныштандыруды, бойды бос ұстауды үйрену, түнде қою шай, кофе ішпеу, шалқадан жатып кітап оқымау керек.

Төменде тез ұйықтаудың бірнеше әдістерін көрсетейік:

  1. Жатар алдында аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет, осылай болғанда қан айналысы тездеп, тыныс жол жүйесі ашылады;
  2. Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау, сырғалықты уқалағанда жүректің соғуы баяулап, өне-бой балбырай бастайды;
  3. Жатын орынға малдас құрып отырғаннан кейін шалқайып бір минут тұру керек, сосын аяқты көсіліп бұлшық етті бос ұстап, бір қалыпты тыныс алса, ұйқы тез келеді;
  4. Жатар алдында суытылған қайнаған су ішу немесе бір шыны сүт ішу қажет.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: rayli.com

17636 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 14:44
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 14:40

Жатар алдында кітап оқу керек :D

+0
20 ақпан 2013, 15:24

кино көру керек

+0
20 ақпан 2013, 16:22

кино көрсем, соның әсерінен шыға алмай екі-үш сағат жатып қаламын) соңғы кезде ұйқым бұзылып жүр))

+0
20 ақпан 2013, 15:40

Терезені ашып, бөлмеге таза ауа кіргізу керек. Сосын таза ауаға шығып, серуендеп қайту керек. Сонда тез әрі жақсы ұйықтайсың. Душ та артық болмайды ;)

+0
20 ақпан 2013, 17:56

"Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау" ұятсыз ваще бұл қыздардың балбырайтын жері ғой :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
21 ақпан 2013, 01:15

ливерпул буйтип уйықтай берсе қыздарымыз бұзылып кетет ғо дешиш :mrgreen: мен ұйқым бұзылып кееткелі бірнеше жыл болды мен көбіне интернеттен кино қарап жатып қалам, бөлмемді салқындатып алам тонғанда ұйқым келеді. ал аналарды истеп көрем қалайда

+0
24 ақпан 2013, 08:15

Керекті мағлұмат

+0
26 қаңтар 2015, 23:05

иа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...