- Негізгі бет
- Денсаулық
- Құлақты мақта таяқшамен...
Құлақты мақта таяқшамен тазартуға бола ма?
Көпшілік мақта таяқшалар құлақ тазартуға арналған деп ойлайды. Бірақ Америкалық академияның отоларингология ғалымдары олардың тазартпайтындығын, керісінше, зиянын келтіретіндігін айтады.
Құлық – ластық емес, ол қажеттілік. Ол құлақты ластықтан және бөтен денелерден қорғау үшін өндіріледі. Құлық өздігінен есту жолы арқылы біртіндеп алға жылжып, сыртқа шығады. Ал сонымен бірге ол жерге түскен барлық қажет емес нәрсенің барлығы шығады.
Құлақты мақта таяқшамен тазартқанда не болады?
1. Құлық бөлігі құлақтың түбіне қарай дабыл жарғағына кетіп қалады. Әр кез оны мақта таяқшамен итерген сайын, ол тығыздалып, нәтижесінде құлық тығынына айналады.
2. Әрдайым араласу құлық безінің одан да көп құлық бөлуіне ықпал етеді.
3. Құлақ қорғаныш қабатын жоғалтып, ол жұқпаға әлсіз болады.
4. Егер қатты тырыссаңыз, дабыл жарғағын зақымдап алуыңыз мүмкін. Әсіресе, мақта таяқша емес, басқа да заттар қолдансаңыз, зақым келтіру қаупі жоғарылайды. Мысалы, сіріңкеге мақта орап, құлақ тазарту. Отоларингологтардың айтуынша, адамдар оларға осы жағдаймен көп келеді екен.
5. Тәуелділік туады. Иә, мақта таяқшаға да тәуелділік болады. 1990 жылы The Washington Post оны тіпті, темекімен салыстырды. Құлақ тазарту моральдық та, физикалық та рақаттандырады. Бір жағынан тазалық сезімі, екінші жағынан терінің тітіркенуі туындайды. Құлақ қыши бастайды, сондықтан оны таяқшамен шұқи бергіңіз келе береді.
Құлақты қалай дұрыс тазарту керек?
Есту жолы өздігінен тазарады, оған біздің көмегіміз керек емес. Құлақ қалқанын және есту жолының айналасындағы жерді жуу жеткілікті. Егер құлық көп жиналып қалса, абайлап тек бетін тазартуға болады. Ол үшін арнайы шектегіші бар мақта таяқшалар бар. Құлақты душтан шыққан соң, құлық әлі де жұмсақ кезінде тазартқан жөн.
Егер құлық әрдайым көп мөлшерде бөліне берсе, құлақ дәрігері отоларингологқа қаралыңыз. Мұндай бұзылу құлақ қабынуына (отит) және де басқа да ауруларға әкелуі мүмкін.
Мақта таяқшалар не үшін керек?
Мақта таяқшалар өндірушілері оны макияжға, макникюр кезінде артық лакты сүртуге және клавиатура тазартуға қолдануды ұсынады. Кей компаниялар қаптама сыртына оны құлақ гигиенасына қолданбау туралы ескерту жазатын болған.
Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!
А. Жапатова