Қол-аяғыңыз үнемі тоңып қала берсе не істеу керек?

Қол-аяғыңыз үнемі тоңып қала берсе не істеу керек?
Фото: La Opinión de Zamora

Шетелдік сарапшылар үнемі қол-аяғы тоңып жүретін жандарға бірнеше кеңес әзірлеген. Кеңестері мүмкін пайдаңызға жарап қалар. Қарап шығыңыз!

1. Қыста кеңдеу киім кию керек. Сол кезде дене қызуымен бойыңыз мұздамайды. Аяқ киімді де бір-екі өлшем үлкенін алған жөн. Егер аяқ киіміңіз тар болса, аяғыңыз қозғалмай тоңып қалады.

2. Қыста көбірек ащы тамақ жеу керек. Ол тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Ал никотин мен кофеин керісінше тамырларды тарылтады.

3. Аяқ-қолы үнемі тоңып жүретін адамдарға балық пен ет жеу керек. Балықта тамырларға пайдалы май қышқылдары бар. Ал етте қан айналымын жақсартатын темір көп.

4. Сұйықтықты көп ішу қажет. Су мен жылы тамақ пайдалы. Ағзада сұйықтықтың жеткілікті болуы қан айналымын, жылу алмасу процесін жақсартады.
 
Дәрігерлер дене жылы болып, аяқ-қолдың суық болып тұруы артерияның тоқтауы, анемия және басқа да ауытқушылықтарды білдіреді дейді.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Н. Үсенова