Қанында холестерин көп, жүрек пен қан тамыры ауруларына шалдыққан адамдарға ет жеуді шектегені жөн. Сондай-ақ зат алмасуы бұзылған жандарға да ет жеуді тоқтатқан абзал. Осылай дейді мамандар.
Бүйрек ауруы асқынған адамдарға да ет жеуге болмайды. Әсіресе, дәрет сындыра алмай қиналса, бүйрек сауыққанға дейін еттен бас тартқаны жөн көрінеді.
Өйткені зат алмасымы бұзылған адамның бүйрегі дұрыс жұмыс істей алмай, дәрет қышқылын сыртқа шығара алмайды да, еттегі ақуыз ағзадағы жасушаларға еніп, буын-буынға жиналып қалуы мүмкін.
Ал қанында холестерині көп, гипертонияға шалдыққан адамдарға майлы ет жеуге болмайды. Оның орнына құс етін тұтынуға болады.