Етті немен қосып жеуге болмайды?

Етті немен қосып жеуге болмайды?
Фото: tobolinfo.kz

Етті көп тұтынатынымыз белгілі. Бүкіл тағамды етпен қосып жеуді ұнатамыз. Алайда мамандардың айтқан кеңестеріне сүйенсек, етті кейбір тағам атаулымен қосып жеуге болмайтын көрінеді. Соларға тоқталып өтейік.

Мәселен мамандардың айтуынша, картоп пен макаронды, ақ күрішті етпен қосып жеуге болмайды екен. Өйткені картоп пен макаронда, ақ күріште жасұнық аз, крахмал көп. Крахмал мол тағамды етпен қосып жеу асқазанға ауырлық түсіреді. Содан еттің пайдалы элементтері ағзаға толық сіңбей қалуы мүмкін. Майенозбен қосып жеген еттің де пайдасы аз болады.

Еттің өзі де асқазанға ауырлық ететін тағам. Оған тағы да ауырлық түсіру жақсы емес. Ал ет жақсы қорытылсын десеңіз, онда жеміс-жидекпен, көкөніспен қосып жеген пайдалы. Ал етті картоппен емес, брокколи, түсті орамжапырақ, асқабақ пен қояншөп (спаржа), түйебұршақпен қосып жесе, құба-құп.

Сондай-ақ, етті саңырауқұлақпен де қосып жеген дұрыс емес. Әсіресе, асқазан аурулары бар адамның сақтанғаны жөн.  

Ет пен картопты қосып жеуге болмайды

Бірге жеуге болмайтын тағамдар

Қ. Слямбек