- Негізгі бет
- Денсаулық
- Италияда коронавирустан 148...
Италияда коронавирустан 148 адам көз жұмды
Италияда бүгінгі күні 3296 адам коронавирус жұқтырған. Бұл, сәрсенбі күнмен салыстырғанда 590 адамға көп, деп хабарлады ANSA агенттігі азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллиге сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, індеттен осы күнге дейін 148 адам көз жұмған. Бұл, бейсенбі күнгіден 41 адамға көп.
Медицина профессоры Алмаз Шарман коронавирусқа қатысты кеңес берді
Борреллидің айтуынша, Ломбардияда инфекция жұқтырудың - 1777, Эмилия-Романьяда - 658, Венетода - 380, Пьемонтта - 106, Маркеде - 120, Кампанийде - 45, Тосканада - 21, Лациода - 41, Фриули-Венеция-Джулияда - 21, Сицилияда - 16, Апулияда - 12, Абруццода - 8, Трентинода - 7, Молизеде - 7, Умбрияда - 9, Больцано провинциясында - 1, Калабрияда - 2, Сардинияда - 2, Базиликатада – 1 және Валле-д'Аостада 2 жағдайы тіркелді.
Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырғандар саны 97 948-ге жеткенін мәлімдеді. Ал қайтыс болғандар саны 3383 болса, сауығып кеткендер науқастар саны 55186 адам.
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қытайда соңғы бір күнде вирустық инфекцияның 143 жағдайы тіркеліп, олардың 31-і қайтыс болған. 5 наурызда 2098 жаңа жағдай және 53 өлім басқа елдерде тіркелді. Вирус тағы да 5 елге таралғаны анықталды: Босния және Герцеговина, Гибралтар, Венгрия, Словения және Палестина. Қазіргі уақытта вирус әлем бойынша 88 елге таралған.
Т. Раушанұлы