- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар адамның қалам...
Ғалымдар адамның қалам ұстауына қарап ұмытшақтық ауруын анықтау әдісін тапты
Дамып келе жатқан деменцияның, атап айтқанда Альцгеймер ауруының алғашқы белгілерін анықтауға болады. Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдарының зерттеуі бойынша, оның бір белгісі адамның қалай қалам ұстауына байланысты.
Ғалымдар кішігірім эксперимент жүргізген. Олар қалам ұстау тәсіліне қарап пациенттерді үш топқа бөлген. Оның нәтижелері Alzheimer's Disease журналында жарияланды, деп жазады Daily Mail.
Ғалымдар деменцияға шалдықтыратын бес белгіні айтты
Зерттеу авторларының бірі, профессор Тецуаки Араи: "Біздің нәтижелер когнитивті бұзылыстарға арналған неғұрлым жетілдірілген скринингтік сынақтарға жол ашады", - дейді.
Ол Альцгеймер ауруын диагностикалау үшін сурет салу сынақтары бұрыннан қолданылғанын, бірақ көбінесе олар когнитивті бұзылыстарды және ойлау жылдамдығының төмендігін түзететінін айтты.
Жапондардың зерттеуі деменцияны тесттердің көмегімен әлдеқайда ертерек анықтауға болатынын көрсетті. Тек адамның қалай жазып, сурет салатынын мұқият бақылау керек.
Деменцияның белгісі:
• адам жазғанда жиі үзіліс жасайды;
• қолдың немесе дененің өткір, серпілмелі қозғалысы;
• қалам ұстауы үнемі өзгеріп отырады.
"Психикалық аурудың жеңіл белгілерін ерте анықтау деменцияның дамуын болдырмауға немесе кешіктіруге болады", - дейді жапон ғалымдары.
Деменцияға арналған ең танымал сынақтардың бірі жазу және сурет салумен де байланысты.
Науқасқа дөңгелек сағат тілі мен оның ішінде уақытты көрсететін сандарды - бірден он екіге дейін салу ұсынылады. Әрі қарай, суретте көрсеткілерді олар белгілі бір уақытты көрсететін етіп салу керек - мысалы, дәл алты немесе бір жарым.
Егер сандар, қол, жазу кезіндегі аздаған қателер болса, тапсырушыға 9-10 ұпай беріледі.
Науқаста когнитивті бұзылулар болса, сағат тілі дұрыс емес уақытты көрсетеді, шеңбер дұрыс сызылмайды.
Деменция (жүре пайда болған деменция) – когнитивтік функциялардың – қабылдаудың, зейіннің, интеллектінің, сөйлеудің тұрақты бұзылуы байқалатын ауру. Бұл мидың органикалық зақымдануынан туындайды және әзірге деменцияны емдейтін дәрі табылған жоқ.
Көп жағдайда жүре пайда болған деменция өте тез дамиды, сондықтан аурудың негізгі белгілерін өткізіп алмау және уақытында маманмен кеңесу маңызды.
Т. Раушанұлы