Ғалымдар деменцияға шалдықтыратын бес белгіні айтты

Ғалымдар деменцияға шалдықтыратын бес белгіні айтты

Британиялық дәрігерлер деменцияның бес белгісін атады. Бастапқы деменцияны анықтауға болатын бес белгі бар және олар 40 жасқа дейін пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Daily Express Альцгеймер ауруын зерттеуге арналған британдық қайырымдылық қорының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Деменцияның 5 белгісі:

1. Адамның көру қабілеті нашарлап, заттардың қашықтығы мен қозғалу жылдамдығын анықтауға байланысты проблемалар болуы мүмкін;

2. Сөйлеуді толық немесе ішінара жоғалту, сондай-ақ ойды білдіретін сөздерді табу қиын болуы мүмкін;

4. Деменциясы дамып келе жатқан науқас уақыт пен орынды сезбеуі мүмкін;

5. Ең маңыздысы есте сақтаудың нашарлауы.

Ақыл-ой кемістігіне апаратын тағы бір жаман әдет – ұйқының жеткіліксіздігі. Бұл қартайған кезде деменция қаупін жоғарылатады.

Деменция дегеніміз не?

Деменция (лат. dementia – алжу) – адамның ой- өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы психиканың нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін психиканың терең зақымы. 

Мына бегілер адамды деменция ауруына шалдықтыруы мүмкін: 

– Мазасыздық және есте сақтау қабілетінің жоғалуы;
– Күнделікті тапсырмаларды орындай алмау;
– Өзін-өзі ұстай алмау (мысалы, заттарды лақтыру, басқа адамдарға айқайлау немесе басқаларды күдікпен айыптау); 
– Шешім қабылдаудың нашарлауы және жаңа нәрселерді меңгеру қабілетінің болмауы;
– Физикалық функциялардың жоғалуы ( мысалы, зәр шығару).

Көбінесе бұл жағдай қартайған кезде байқалады.

Әлемде жылына шамамен он миллионға жуық деменциямен ауыратын науқас тіркеледі.