- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денеңіздегі мең туралы...
Денеңіздегі мең туралы не білесіз?
Мең – әрбір адамның денесінде туа да жүре де пайда болатын ерекше құбылыстың бірі түрі. Оның еш зияны жоқ. Медициналық зерттеуге сай мең 100 см2 көлеміне дейін адам денесінде кездеседі.
Жаңа туған сәбилер де мең кездесе бермейді. Бірақ ол өсе пайда болады. Негізінен он жастан асқан балалардың бәрінде мең болады. Ал осы мең туралы сіз не білесіз, егер білмесеңіз сізге қызықты деректер ұсынамыз.
Мең адамның кез келген дене мүшесіне шығады. Оның мына жерге шықпайды-ау дейтін орны жоқ.
Мең тіпті тіл астына да, тіл сыртына да шығады. Бірақ бұл сирек кездеседі.
Жоғарыда меңнің ешқандай зияны жоқ деп атап өттік. Дегенмен кей кезде меңнің ұлғаю қауіпі бар. Бұл бірақ жүз адамның бірінде ғана кездеседі. Егер мең өз көлемінен әлдеқайда үлкен болса дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
XVII ғасыр тұсында Францияда мең сәнге айналған. Әйелдердің табиғи бетіне, еріннің шетіне шыққан меңдер олардың сұлу қылып көрсететін болған. Тіпті уақыт өте келе қыз-келіншектер табиғи мең болмаса да беттеріне өздері салып алатын болған.
Ал орта ғасырда өмір сүрген кейбір елдерде мең «жынның» белгісі деп танылған. Ең жаманы сол кезде меңі бар адамдар сиқырлықпен айналысады деп оларды өлім жазасына кескен. Олардың жазасы – өртеу болған.
Әйелдерде мең көп болған сайын олардың әр нәрсеге қызығушылығы артатын болған.
Ғалымдар меңнің пайда болу құрамын зерттей келіп, меңі көп адамның гені өте ерекше деген тұжырым жасаған. Ол адам ракпен де ауырмауы мүмкін. Өйткені оның қанында мең арқылы келетін элементтер бар және ол дертпен оңай күреседі.
Көп жағдайда ата-ана мен балалар арасындағы меңдердің денеде пайда болуы бірдей болады. Бұл қан қуалайды.
Адам туған кезде 80-90% меңсіз дүниеге келеді. Өсе келе ол пайда болады. Меңнің пайда болуы 25 жасқа дейін.
Мең қырық жастан асқан кезде жоғала бастайды. Тіпті қалдығы да қалмайды.
М. Ақан