Шаш бояуы – рак ауруын тудырады

Шаш бояуы – рак ауруын тудырады

Шаш бояуы – көптеген әйелдердің арманын жүзеге асырды. Рас, табиғи шаш түсіне көңілі толмайтын талай-талай бойжеткен бүгінде осы бояудың арқасында қалаған түсіне қол жеткізіп отыр. Тіпті, боялмаған шаш қожайындарының өзін кезіктіру қиынға соғады. Алайда, сол бояулар арты орны толмас өкінішке апарып соқтыруы мүмкін. Британдық ғалымдар бояудың зияндарын анықтады. 

Бұрындары шаш түсу проблемасымен маман көмегіне жүгінетін әйелдердің орташа жасы – 21 жас болатын. Қазір бұл қиындыққа одан да жас нәзік жандыларымыз тап болып отыр. 2013 жылы науқастардың орта жасы 34-ке жетті.

Британдық мамандар шаш түсудің шаш бояу сәнімен байланысты екендігіне сенімді. Бұл косметикалық рәсім алопецияға әкеліп соқтырады. Алопеция – шаштардың қатты тығыздалып тартылу нәтижесінде пайда болады.

Ұлыбританияда шашына шағым айтатындардың көрсеткіші соңғы жылда 41%-ға көтерілсе, шаш ауыстыру отасын жасататындар 24%-ға өскен.

Шаш түсуге күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қандағы темір деңгейінің төмендігі, гормондық үйлесімсіздік, тұқымқуалаушылық сынды факторлардың әсер етуі әбден мүмкін. Енді олардың қатарына шаш бояуы да қосылып отыр.

Химиялық шаш бояғыш заттардың адам денсаулығына тигізер тағы да бір залалы бар. Таяуда ғана осы Ұлыбританиядағы Green Chemicals компаниясының ғалымдары өздері жүргізген тағы бір тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін жариялады. Олардың айтуынша, барлық шаш бояуларының құрамында кездесетін "екінші ретті аминдер" деп аталатын химиялық заттар шашқа және бастың терісіне сіңеді. Сөйтіп, уақыт өте келе "екінші ретті аминдер" түтінді газдармен әрекеттесіп, оның нәтижесінде нитрозаминдер деген өте улы химиялық заттар түзіледі. Осы улы органикалық байланыстар канцерогендi әрекетке ие болып, мутагенді қасиеттерді туындатады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 60 пайызынан көбі қатерлі ісік ауруларына шалдығады екен. Сонымен қатар, шаштарын бояйтын көптеген қыз-келіншектер түрлі аллергияға да душар болады.

Қазақ қыз баласының сұлулығын қашан да шаш ұзындығымен, шаш әдемілігімен анықтаған. Енді сол қолаң шаштарымызды химиялық заттар арқылы отап тастап жатқанымыз  дұрыс па?

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:fedpost.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев