Әйелдерде 1 ай бұрын басталатын жүрек талмасының белгілері

Дәрігерлердің айтуынша, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алу үшін денеңізді мұқият тыңдау керек. Кейбір жағдайларда ол алдын ала дабыл қағады.

Инфаркт қаупі бар-жоғын қалай білуге ​​болады?

Жүрек талмасы бар адамды құтқаруға уақыт аз. Қазіргі заманғы медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, инфарктпен ауыратын көптеген науқастар аурудың алғашқы 7 күнінде қайтыс болады. Көбінесе мұның себебі – уақтылы көмек көрсетпеу. Біз көбінесе аурудың денеде болатын белгілерін елемейміз. Өйткені, көп адамдар ауырған жері «біраздан соң өздігінен қояды» деп ойлайды адамдар.

Жүрек талмасының белгілері

Кейбір белгілер жүрек-қан тамырлары ауруынан бір ай бұрын басталады. Еуропа ғалымдарының бір тобы осындай қорытындыға келді, деп жазады Expres. Мамандар жүрек талмасына ұшыраған 500 әйелдің жағдайын зерттеген. Инфаркттан бір ай бұрын 95% науқаста мына белгілер болған:

• қатты шаршау;

• ентігу;

• ұйқы проблемалары.

Инфаркттың негізгі симптомы – кеудедегі шаншудан әйелдерге қарағанда ер адамдар жиі зардап шегеді екен.

Инфаркттың негізгі белгілері:

• Кеуденің сол жағындағы шаншу;

• бас айналу;

• қатты терлеу;

• сол қолдың ауруы;

• сандырақтау.

Гарвард медициналық мектебінің сарапшылары әйелдердің инфарктына қатысты әртүрлі зерттеулерді жүйелеуге шешім қабылдаған. Ғалымдар жүрек талмасынан бірнеше күн бұрын әйелдерде жиі кездесетін белгілердің тізімін жасады.

Олар:

• Шаршау – науқастардың 71 пайызында кездескен;

• Ұйқының бұзылуы - 48%;

• Ентігу - 42%;

• Ас қорытудың бұзылуы - 39%;

• Мазасыздық - 36%;

• Жылдам жүрек соғысы - 27%;

• Қолдың әлсіздігі - 25%;

• Ойлау немесе есте сақтау қабілетінің өзгеруі - 24%;

• Көру проблемалары - 23%;

• Тәбеттің жоғалуы - 22%;

• Қолдың шаншуы - 22%;

• Түнде тыныс алудың қиындауы - 19%.

«Жүрек талмасы басталған кезде де, әйелдердің шамамен үштен бір бөлігі ғана бәрі инфаркт деп есептейтін кеудедегі шаншуды бастан кешіреді. Оның орнына науқасты ентігу, әлсіздік және ұйқысыздық мазалайды. Біз әйелдердің аталған белгілерді есте сақтауын қалаймыз, сондықтан оларды ешбір жағдайда елемеуге болмайды», - дейді зерттеушілер.

Айта кетейік бұған дейін кардиолог «кеуденің шаншуы жүрек ауруы ма?» деген сұраққа жауап берген болатын.