Кеуденің шаншуы жүрек ауруы ма – кардиолог жауабы

Кеуденің шаншуы жүрек ауруы ма – кардиолог жауабы
Фото: msk.ramsaydiagnostics

Жыл сайын миллиондаған адамдар жедел жәрдем шақырып, кеудедегі қатты шаншумен емханаға түсіп жатады. Мұндай симптомдар байқалса науқасты ЭКГ-ға түсіреді. Кей жағдайда дәрігерлер жүректен немесе қан тамырларынан ешқандай ақау таппайды.  Мәселе мынада, кеуденың шаншуының себебі жүрек қана емес.

«Жүрегі ауырған адамдар қысылу, әлсіздіктен зардап шегеді.  Бірақ ол жүрек ауруы болмаса да, дәрігерлермен кеңесуден бас тартуға болмайды», - дейді Мэриленд штатындағы медициналық орталықтың кардиологы Эстел Жан.

Жүрек ауруы кезінде тек кеуде шаншып қана қоймайды. Дененің басқа бөліктері де мысалы,  қол, иық, жақ ауырады.

«Бұған тыныс алудың қиындауы, бас айналу, терлеу, жүрек айну және құсу қосылады. Кез келген симптомдарды өте байыпты қабылдау керек», - дейді кардиолог Адриана Хинонес-Камачо.

Бірақ кеуде шаншығанда оны бірден жүрегім ауырып жатыр деп қабылдамау керек. Көбінесе ауру басқа ағзамен байланысты болған жағдайда аурудың сипаты өзгереді.

«Кейде жүрек терең тыныс алғанда, жөтелгенде, қозғалғанда немесе басқанда ауруы мүмкін. Сондай-ақ, жүрекке жатпайтын ауруларға бірнеше секундқа созылатын және тез шаншулар жатады», - дейді Эстел Жан.

Сонымен мынадай жағдайларда жүрек шаншуы мүмкін:

Демікпе

Бқл аурудың белгілері тыныс алу қиындайды, дем шығару кезінде дыбыс пайда болады, қатты жөтел, ентігу. Сондай-ақ кеудеде қатты шаншуды сезінуіңіз мүмкін. Мұндай белгілерді бірінші рет байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Бұлшықет жарақаты

Бұл жаттығудан кейін пайда болуы мүмкін. Әсіресе,  ауыр көтеріп, жаттығу жасағандарда кездеседі. Жарақат алған жағдайда да шаншу пайда болады. Ондай кезде адам жүре алмай,  есінен адасып, басы айналып, құсады.

Мазасыздық

Күйзеліс кеудедегі шаншуды тудыруы мүмкін. Мазасыздық жағдайында психотерапия сеанстары кеудедегі шаншуды жеңілдетуі мүмкін.

«Сіз медитация, йога, түнде жеткілікті ұйықтау, дұрыс тамақтану және жаттығулар арқылы күйзелістіі азайта аласыз», - дейді Huffpost мамандары.

Кеуде шаншуының басқа себептері:

• асқазан ойық жарасы;

• өкпе эмболиясы;

• пневмония;

• Омыртқа аурулары.

Т. Раушанұлы