- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ауыр көрпемен ұйықтау...
Ауыр көрпемен ұйықтау денсаулыққа пайдалы
Америкада жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, жеңіл көрпеге қарағанда салмағы ауыр көрпе адамға жақсы ұйықтауға көмектеседі. Адам үстіне жеңіл нәрсе жанасқан кезде, бұл жүйке жүйесін дүрліктіреді, ал мықты бірақ жұмсақ көрпелер адамды тыныштандырады. Адамдардың көпшілігіне қатысты бұл тұжырым расталған.
Ғылыми әдістеме бойынша бұл денеге төмен қысым секілді әсер етеді. Терең қысым массажға ұқсайды. Одан дене босаңсып, тынып, жағымды күйге енеді. Кішкене нәрестелер анасы қолына алғанда осындай күй кешеді.
Денеге жеңіл қысым болғанда ми «бақыт гормондары» серотининін бөле бастайды. Бұл гормон ұйқы-сергектену айналымына жауап береді, қараңғыда ақырындап мелатонинге айналады. Ауыр жамылғының жақсы жері дененің әр сантиметріне бірден жетеді. Айналамыз жайлы, қауіпсіз, демалатын сәт туды, осы жайды сезінгенде дене босаңсиды.
Депрессия, қорқыныш, агрессия жағдайлары да серотониннің аз мөлшеріне байланысты, бұл жағдайда да ауыр жамылғымен ұйықтау жақсы әсер етеді. Жамылғының салмағы адамның өз салмағына байланысты.
@. @assel_assanova