- Негізгі бет
- Денсаулық
- Артық салмақтан арылудың...
Артық салмақтан арылудың 6 жолы
Адамдардың артық салмақтан арылуының басты себебі - дұрыс тамақтануы мен спортпен шұғылдануында. Бүгін біз сіздерге соның 6 жолын айтамыз.
1. Таза су.
Судың денсаулыққа пайдалы екенін бәріңіз де жақсы білесіз. Тіпті оның орнын шай да, кофе де баса алмайды. Құрамында химиялық қоспалары мен қанты көп тәтті сусындар ағзамызға зиян. Сол себепті таза су ішіңіз. Оны тамақ ішер алдында 20 минут бұрын немесе тамақтан соң 40 минуттан кейін ішуге болады.
2. Жиі тамақтаныңыз.
Егер қарныңыз аш қалып, көпке дейін тамақ ішпей жүрсеңіз, ағзаңыз қорғаныс реакциясын қосады. Оған тер асты майы жиналып, нәтижесінде зат алмасу баяулайды. Ал жиі тамақтанатын болсаңыз, қан құрамындағы қант деңгейі де, калория да өз мөлшерінде болады. Жиі ас ішіңіз, бірақ үлкен үлеспен емес.
3. Таңғы ас.
Таңғы ас зат алмасу процесіне өте маңызды. Таңғы асқа көбіне дәрумендер мен минералдарға және ақуыздарға бай тағамдарды ішкен дұрыс. Мысалы: даршын қосылған майы алынған сүзбе, ірімшік пен көкөністер қосылған омлет, қияр және аскөк пен қаймақ араласқан салат.
4. Ақуыз.
Асқазан ақуыздарды жай сіңіреді. Сондықтан құрамында ақуызы көп тағам ішсеңіз, көпке дейін қарныңыз ашпайды. Ас мәзіріңізге тауық еті, балық, майы алынған сүзбе, жаңғақ және гречка секілді ақуыздарды қосып қойыңыз.
5. Жеміс-жидектер.
Жеміс-жидектердің құрамында дәрумендер мен микроэлементтер көптеп кездеседі. Зат алмасуды үдету үшін цитрустік жемістерді жеген жөн. Өйткені олар лимон қышқылдарына өте бай. Алайда бұл жемістерді аш қарынға жеуге болмайды. Ас қорыту жүйесін ауыртып алуыңыз мүмкін.
6. Спортпен шұғылданыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстансаңыз, диетаға отырудың қажеті жоқ. Тек жаттығу кезінде әдеттегіден әлдеқайда шапшаңдық танытыңыз. Аптасына 3-4 рет жаттығу залына барсаңыз жақсы болады.
Бұл ережелердің бәрін бірдей ұстау бастапқы кезде қиынға соғатыны анық. Алайда бүгіннен бастап кіріссеңіз, аз уақыттың ішінде үйреншікті ісіңізге айналып кетеді. Кейін нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
Сурет: goblack.tistory.com
Ұқсас жазбалар:
Ж. Исакаев