- Негізгі бет
- Денсаулық
- Артриттен арылудың жеңіл...
Артриттен арылудың жеңіл жолы
Артрит – көп жағдайда мүгедектікке әкеліп соғатын, әртүрлі ревматикалық аурулармен анықталатын созылмалы қабыну. Қарапайым тілде айтатын болсақ, жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүретін нәзік жандылардың буындарына түсетін салмақтан болатын қабыну. Бұл аурумен көбіне әйелдер және толық адамдар ауырады. Бұл ауруды емдеудің түрлі жолы бар. Ота жасату арқылы, дәрі-дәрімек арқылы емдеуге де болады. Назарларыңызға бұл ауруды үй жағдайында көп шығынданбай-ақ емдеудің жолын ұсынамыз.
Қара тұрыпты (чёрная редька) тек қана ас әзірлеуде емес, көптеген ауруларды емдеу үшін де қолдануға болады. Буын ауруларының барлық түрін емдей алатын қасиетін көп адамдар біле бермейді. Әсіресе артрит пен артроз кезінде оның пайдасы мол.
Артриттің ауырсынуын емдейтін рецепт:
Қара тұрыпты қабығымен үккіштен өткізіп, оның шырынын аламыз. Сол шырынның бір стақанына бір ас қасық бал және спирт қосып араластырамыз. Одан соң сапалы салфеткаға (хлопчатобумажная салфетка) сол қосындыны жағып, ауырған жерге бір түнге жабыстырып қоямыз. Ем кезінде аяқты жылы ұстау керек, суық тигізіп алмаған абзал. Осы емді 10 күн қабылдаған соң айтарлықтай жеңілдік сезінесіз. Емдеудің бұл түрі оңай әрі үй жағдайында қолдануға ыңғайлы, көп қаражат кетпейді.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова