Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Буынға пайдалы 5 тағам

Буынға пайдалы 5 тағам

Буынға пайдалы 5 тағам

Шетелде буын аурулары обыр ауруынан кейін екінші орында тұр. Яғни бұл ауру түріне ат үсті қарамайды. Ревмотологиялық аурулар созылмалы дерт саналады. Тармақтары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан тек буын ғана емес, ағзаның өзге де мүшелерін емдеп, дұрыс тамақтану қажет. Дұрыс тамақтану үшін жаз айларында буындарыңызға пайдалы 5 тағамды ұсынамыз:

1. Тәтті бұрыш – оның құрамында шеміршекті қоректендіретін, қан тамырларының жұмысын жақсартатын аскорбин қышқылы бар.

2. Сарымсақ пен жабайы пияз қабынуды басады.

3. Саумалдық (шпинат) пен ақжелек (петрушка) құрамындағы К дәруменінің арқасында терінің жаңаруына септігін тигізеді.

 4. Шие құрамындағы белсенді заттар ағзадағы тұздың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құяң ауруына шалдыққандарға күніне бір уыс шие жеп тұруға кеңес береміз.  

5. Жас қозының сүті мен ірімшігінде кальций мөлшері көп болады. Әсіресе күн астында көп жүретіндер үшін аса пайдалы.

Ревматолог дәрігердерлердің айтуынша, қояншөп (спаржа), асқабақ, авокадо секілді көкөністер құрамында шеміршек терісінің созылмалылығына қарсы В дәрумені бар. Сол себепті оларды аптасына бір рет қабылдап тұру керек.

Сүйек тұтастығы бұзылғандықтан, олардың арасын желімдеп тұратын заттектер қажет. Ол үшін тауық сорпасын, балық етін, тоңба (холодец) сынды тағамдар жеген абзал. Мұнымен қатар, шемішкенің барлық түрлері пайдалы. Ал қызанақ пен сиыр еті кері әсерін тигізеді.

Жаз мезгілінде буындарымызды күту тәсілдері: 

- Ауырып тұрған буындарды қыздыруға болмайды: егер бұл қабыну болса, кері әсерін тигізуі мүмкін. Буындарыңыз ауырып, қан тамырларыңыз дұрыс жұмыс жасамайтын болса күн көзінің астында 5 минуттан артық тұрмаңыз.

- Қабынған буындарға суық жақсы көмектеседі (криотерапия). Ыстық күнде аяғыңыз шаршап ауырса, мұздай компресс жасаңыз: ауырған буыныңызға қалың орамал сүлгіні қойып, үстіне қапшыққа салынған мұз қойыңыз. Осылай 20 минут отырыңыз. Бұл әдіс ауруды басып, қан айналымын жақсартады.

- Бассейнде жүзу, теңіз тұзын салып ваннаға түсу, фонофорез өз кезегінде жақсы көмектеседі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

23974 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 19 тамыз 2013, 17:27
Пікірлер
+0
19 тамыз 2013, 17:55

маманың буындары ауырады, мынаның бәрі күнделікті асымыздан табылады. Тек шиеден басқасы

+0
20 тамыз 2013, 22:14

Менде ревматизм... :( Қазір жасым 19-да,ал менің аяқ буындарымның сырқырап ауырып жүргеніне 11 жыл. Мен мұның бәрін күнделікті тұтынамын. :!: Алайда аяғым қатты ауырғанда :cry: мамам "қазақшалап " емдейді. "Қойдың майымен" 8-) сылайды :)

+0
05 қыркүйек 2015, 12:17

Жас қозыда сүті бола ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...