Ана сүтін ересектерге ішуге бола ма?

Ана сүтін ересектерге ішуге бола ма?
Фото: Imenno.ru

Ана сүтінің нәрестеге пайдасы шаш етектен келетінін бәрі біледі. Ана сүті – пайдалы затқа толы ана мен баланы жақындастыратын нәрсе. Омыраудан шығатын сүтті "ақ алтын" деп те атайды, өйткені, ол – табиғат сыйлаған бағасыз байлық. Ана сүтінің құрамы:

су;
– лактоза;
– май;
– миға қуат беретін қышқыл;
– ақуыз;
– аминқышқылдары;
– гармонның 15 түрі;
– темір;
– кальций мен фосфор;
– дәрумендер;

Омырау сүтін ересек адамдарға да емдік мақсатта қолдануға болады. Бұл емді міндетті түрде дәрігермен ақылдасқан соң бастаған жөн.

Ана сүтінің пайдасы:

– Жәндік шағып алғанда жарақатты омырау сүтімен сүртеді;
– Жарақат алып қалғанда ісікті басу үшін сүттен компресс жасайды;
– Көз ауруы кезінде ана сүтін көзге тамызады;
– Беттегі түрлі дақты кетіру үшін бетті сүтпен сүртеді;
– Мұрын бітелгенде сүттің бірнеше тамшысын мұрынға тамызады;
– Омырау сүтін қан тоқтату, инфекциядан емдеу мақсатында да қолданады;
– Тамақ ауырғанда тамақты ана сүтімен шайқайды;
– Тіс ауырғанда сүттен компресс жасап, тіске басады.

Ал емшек сүтін ересек адамдарға ішуге бола ма? Бұл сұраққа келгенде дәрігерлер пікірі екіге жарылады. Бірі болмайды десе, екіншісі иммунитетті күшейту үшін ішкен жөн деп есептейді. Қалай болғанда да ана сүтінің адам ағзасына әкелетін зияны жоқ. 

Р. Роза