"Бактериялар шашырауы мүмкін". Унитазға дұрыс отырасыз ба?

Дәрігер және блогер Нұғман Әбілхайыров өзінің инстаграм парақшасында дәретханада ескеру керек жайттарды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер мынадай кеңестер ұсынды:

- Нәжісті ағызарда унитаздың қақпағын жабыңыз. Зиянды бактериялар су арқылы шашырайды;

- "Бүркіт" позасында отырыңыз. Ішек жолдарыңыз қысылмай, дәрет алуыңыз жеңілдейді.

- Телефонға үңіліп ұзақ отыруға болмайды. Ол іш қату, геморрой секілді түрлі ауруларды қоздырады;

- Ауа сергітуші құрал (освежитель воздуха) қолдануға болмайды. Құрамы улы химия, ол рак ауруын қоздыруы мүмкін.