Таңертең асқазаныңыз ауырады ма? Оның мүмкін себептерін біле жүріңіз!

Іштің жоғары бөлігінің ауыруын жиі асқазан ауруымен байланыстырады, алайда бұл жердегі жағымсыздық жанында орналасқан органдарға да қатысты болуы мүмкін екенін ұмытпау керек. Сондай-ақ ауру жүйке ұштары арқылы басқа бөліктерден келуі мүмкін. Сондықтан да өздігінен диагноз қою және емделу тиімсіз әрі қауіпті болуы мүмкін. Ауырсынудың себептері жайлы толығырақ Doctorpiter.ru порталына гастроэнтеролог Екатерина Пустовит айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1. Асқазан

Асқазан тұсының ауыруы сол органның органикалық және функционалды проблемаларымен байланысты болуы мүмкін. Күдіктенетін бірінші нәрсе - ол гастрит. Әдетте, гастрит еш белгі бермейді. Десе де, қабынып кетсе, бұл оның алғашқы себебі болуы мүмкін.

Гастрит жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Созылмалы қабыну кезінде ол тек асқынған кезеңде ауыруы мүмкін. Мысалы, дұрыс емес тамақтанғанда, күйзеліс кезінде, кей дәрілерді ішкенде және алкоголь көп ішкенде ауырады.

2. Эрозия және жаралар

Асқазан шырышындағы эрозиялық-жаралық процестер түнгі және таңғы ауыруды тудыруы мүмкін. Бұл ауру қауіпті, сондықтан кәсіби маманға жылдам қаралуды қажет етеді.

3. Helicobacter pylori инфекциясы

Асқазандағы қабыну процестері жиі helicobacter pylori инфекциясын жұқтырумен байланысты. Бұл асқазан шырышын және аш ішекті отарлайтын бактерия. Ол ешқандай белгі бермей, адамда болуы мүмкін. Жоғары патогенді штамды жұқтырған кезде шырышты қабықша эрозиялық-жаралыққа және басқа да процестерге дейін зақымдалуы мүмкін.

Бұл инфекциямен тек гастрит, асқазан эрозиясы мен жарасы емес, қатерлі ісіктің пайда болу қаупі байланысты болғандықтан, алғашқы белгілердің өзінде қаралған дұрыс.

4. Диспепсия (асқазанның бұзылуы)

Асқазан тұсының ауыруының тағы бір мүмкін себебі - асқазан шырышындағы жүйке ұштары сезімталдығының бұзылуы. Бұл функционалды диспепсия деп аталады.

5. Дәрілерді көп ішу

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді ішу (мысалы, бас немесе буындар ауырғанда) асқазан шырышты қабығының қабынуына және тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

6. Өт шығару жолдары

Өт шығару жолдарының патологиясы (дискинезия) және ішқақпа қысқышының дәрменсіздігі өттің асқазанға түсуіне әкеледі.

7. Ұйқы безі

Асқазанның ауыруын ұйқы безі және өт қабы патологиясы ынталандыруы мүмкін.

8. Асқазан қатерлі ісігі

Асқазандағы қатерсіз де, қатерлі де жаңа түзілімдер ауыртады. Қатерсіз түзілімдердің өлшемі шектеулі, олар терең қабаттарға өсіп кетпейді және қан тамырларға тимейді. Алайда олар уақыт өте қатерліге айналуы әбден мүмкін.

Жаңа түзілімдер жиі тұрақты ауырсыну береді және жалпы белгілермен қатар жүреді: бас ауруы, әлсіздік, салмақ тастау, жүрек айну, нашар тәбет, аз порцияға тойып қалу.

9. Дұрыс емес өмір салты

Асқазанның ауыруы өмір сүру салтынан туындаған болуы мүмкін. Ұйқысыз түндер, кешкі асқа тамақ көп жеу, аш қарынға темекі тарту, алкоголь және көп кофе ішу асқазан тұсының ауыруын ынталандыруы мүмкін.

10. Салауатты өмір салтына деген құштарлық

Кей салауатты өмір салтын ұстанушылар тамақтану стилін күрт өзгертеді, бірден шикі көкөністер мен жемістер мөлшерін арттырады. Бұл асқазан-ішек жолы моторикасын ынталандырады. Ал ол ауырсынудың пайда болуына әкеледі. Сол секілді ішке арналған, жаттығуларды көп рет қайталау да ауырсыну тудыруы мүмкін.