Ерлерді бедеу ететін ауру. Варикоцеле жайлы не білу керек?

Ерлерді бедеу ететін ауру. Варикоцеле жайлы не білу керек?
Фото: ru.freepik.com

Варикоцеле – атабез шәует бауы көктамырының кеңеюі және варикозды өзгеруі. Ол веноздық жүйенің кең зақымдалуымен қатар жүруі мүмкін: аяқ тамырларының кеңейіп кетуі, геморрой. Бұл ауру жайлы не білу керек?

Варикоцеленің негізгі белгілері

Оның кең тараған белгілеріне ұмадағы жағымсыздық, тартып ауыру немесе ауырлық сезімін сезу, тамырлар кеңеюінің көрініп тұруы, эрекцияның төмендеуі және некедегі бедеулік жатады. 50% жағдайда бұл ауру еш белгісіз өтуі мүмкін, бірақ кейде науқас атабезде ауырсыну сезеді.

Оның қаупі

Егер варикоцелені емдемесе, ол сперматогенезге әсер етуі және ерлер бедеулігінің себебі болуы мүмкін. Сондай-ақ ол эрекцияға әсер етеді.

Варикоцелені қалай анықтайды?

Патологиялық өзгерістер жиі кездейсоқ анықталады. Мысалы: қандай да бір аурулардың алдын алу үшін тексерілгенде немесе жоспарлы УДЗ түсіру кезінде. Ал визуалды түрде ұма мөлшерінің артуы, атабездердің әртүрлілігі, оның жанында немесе артында қалың өрімдер байқалуы мүмкін.

Оны қалай емдейді?

Ол хирургиялық жолмен емделеді. Егер атабез ауырса, некеде бедеулік болса және спермограммада өзгерістер байқалса, дәрігер ота жасатуды ұсынуы мүмкін. Ал қалған жағдайда тек қарқынды бақылау қажет болуы мүмкін.

А. Жапатова