Бауыр циррозының денеде көрінетін белгілері

Бауыр циррозының денеде көрінетін белгілері
Фото: sport-express

Бауырыңыздың ауырмағаны және қалыпты жұмыс істеп тұрғаны сіздің денсаулығыңызда ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Әсіресе, сіз майлы тағамдарды жақсы көретін болсаңыз және өміріңізді алкогольсіз елестете алмасаңыз.

Бауыр ауруы ұзақ уақыт бойы белгілер бермеуі мүмкін. Дегенмен, ауруды уақытында анықтау өте маңызды: егер ауру басталса, ол циррозға, тіпті өлімге дейін жетуі мүмкін.

Цирроз – ұзаққа созылған қабыну процесінде дамитын емделмейтін ауру. Уақыт өте келе бауыр жеткіліксіздігі басталады. Нәтижесінде адам өледі.

Британдық Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары цирроздың бастапқы кезеңінде бауыр, ештеңеге қарамастан, әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Сондықтан бастапқыда аурудың белгілері онша көрінбеуі мүмкін екенін айтады.

Сарапшылардың пікірінше, ерте кезеңде цирроздың белгілерінің бірі белдеу деңгейінен жоғары аймақтағы терідегі «жұқа қызыл сызықтар» немесе «өрмекші тамырларына ұқсас терідегі өрнектер.

Бауыр циррозының тағы бірнеше белгілері:

• шаршау сезімі;

• тәбет төмендеуі;

• күрт салмақ жоғалту;

• жүрек айну және құсу;

• бауырдағы жайсыздық;

• терінң қышуы;

• терінің және көздің сарғаюы;

• мұрыннан қан кету;

• ешқандай себепсіз қызба және қалтырау;

• аяқтың ісінуі;

• іштің кебуі;

• нәжістегі қан.

Бауыр ауруының даму қаупін азайтудың бірнеше қарапайым жолдары бар. Ол тамақтанудан басталады. Алдымен, қанша майлы тағамдарды жейтініңізді бақылаңыз. Біздің денеміз майсыз өмір сүре алмайды, дегенмен, егер қуырылған тағамдарды жақсы көретін болсаңыз, бауырыңыз уақыт өте келе стресске төтеп бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, тәтті газдалған лимонадтардан бас тартқан жөн.

Сонымен қатар, салмағыңызды бақылау маңызды. Артық салмақ аурудың дамуының негізі болуы мүмкін.

"Дәрігерлер жаман әдеттерден бас тартуға кеңес береді: алкоголь мен темекі бауырды бұзады", - деп жазады Express.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бауырға пайдалы 8 өнімді атаған болатын.

Т. Раушанұлы