Шошқа тұмауының белгілері қандай?

Әлем короновирус салдарынан айығып үлгермей жатса, жаңа аурудың толқыны басталды. Осы қыста шошқа тұмауы кең тарап жатыр. Шошқа тұмауы жайлы не белгілі және қалай оның алдын алуға болады?

Шошқа тұмауы жайлы алғаш рет өткен ғасырдың 30-жылдары айтыла бастады. Бұл ауру 80-жылдарға дейін тек шошқалар үшін қауіпті болған. Бірақ кейін вирус мутацияланғаннан кейін ол адамдарды да зақымдай бастайды.

Шошқа тұмауымен ауырған алғашқы адам 1988 жылы АҚШ-та белгіленген: дені сау жүкті әйел пневмониямен ауруханаға түседі. 8 күннен кейін науқас қайтыс болады. Дәрігерлер одан шошқа тұмауын анықтайды. Кейін ол әйелдің шошқалар жәрмеңкесінде болғаны анықталады.

Шошқа тұмауының белгілері

Мамандар шошқа тұмауының белгілерін нақты анықтаған жоқ. Бірақ олар оның белгілері маусымдық тұмауға ұқсайтынын айтады. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

- маңдай тұстың ауыруы;
- бұлшықеттер мен буындардың қатты ауырсынуы;
- қалтырау;
- жалпы әлсіздік;
- жүрек айну және іш өту;
- жарықтан қорқу және көзін қозғағанда ауырсыну сезу.

Шошқа тұмауымен ауырған адамның алғашқы сағаттарда дене температурасы 38-40 градусқа көтеріледі. Кей науқастардың тамағы қызарып кетеді.

Шошқа тұмауы қалай беріледі?

Бұл аурудың вирустары жануардан адамға және керісінше, адамнан жануарға беріле алады. Сондықтан қауіп-қатер тобына жұмысы ауру жануарлармен байланысты адамдар жатады.

Бактериялар жөтелу және түшкіру арқылы таралады. Сондай-ақ оны вирус қонған затты ұстау арқылы да жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Шошқа тұмауының қалай алдын аламыз?

Иммунитетті қатайтыңыз
Күнде таза ауада серуендеңіз, С дәруменіне бай жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз. Себебі иммунитеттің басты жауының бірі - құрғақ ауа. Сондықтан шырышты қабықшаны жүйелі түрде ылғалдандырыңыз, бөлмені желдетіп тұрыңыз және үйді ылғал тазалаңыз.

Қоғамдық жерлерде маска киіңіз
Адам көп жиналатын қоғамдық жерлерде маска киіңіз. Алайда бір реттік масканы әр екі сағат сайын ауыстыру керек.

Қолды мұқият жуыңыз
Адам күніне әртүрлі нәрселерді ұстайды. Олардың бетінде ауру тудыратын микробтар болуы мүмкін. Сондықтан қолыңызды жақсылап жуып тұруды ұмытпаңыз. Егер қолыңызды жиі жууға мүмкіндік болмаса, өзіңізбен бірге антисептик немесе ылғал майлық ұстап жүріңіз.