Ақыл-ес кемдігі, аллергия, анемия: Маман қызанақтың күтпеген зиянын атады

Ақыл-ес кемдігі, аллергия, анемия: Маман қызанақтың күтпеген зиянын атады

"Чиполлиноның шытырман оқиғаларын" жазған балалар жазушысы Джанни Родари өзінің Синьор Қызанағының жағымсыз кейіпкерге айналарын еш ойламаған шығар?!

Лос-Анджелес секілді тамақтану бойынша соңғы трендтерді ұстанатын қалада осындай мэйнстрим пайда болды. Көрнекті кардиолог, "The Plant Paradox" ("Өсімдік парадоксы") бестселлерінің авторы Стивен Гандри сүйікті көкөнісінің құрамында лектин протеиндерінің көп болуы одан бас тартуға себеп екенін айтқан. Кітапта  мынадай дәйексөз бар: "Қызанақ – өте агрессивті тағам: ол қабынуды, салмақ қосуды және ауыр аллергиялық реакцияларды тудырады. Бірақ ең сорақысы, лектин біздің жасушаларымызға шабуыл жасайды және, өкінішке орай, мұнымен күресудің жалғыз жолы – одан бас тарту". Гандри зерттеуінің көп бөлігін осы құбылысқа арнады.

Көптеген жылдар бойы Том Брэди мен Жизель Бюндхеннің жеке мәзірін жасап келе жатқан және атақты жұптың рационындағы қызанақты шектеген жұлдызды диетолог Аллен Кэмпбелл де осы теорияны жақтаушылар қатарына жатады.

Олардың күнделікті тағамдарының қатарында баклажан, бұрыш, картоп және қызанақ мүлдем жоқ.

 

Гандридің айтуынша, лектинсіз диета артық салмақты жеңе алады, өйткені бұл ақуыз майдың жиналуына да ықпал етеді. "Дәрігер ретінде мен өз жұмысымда ғылыми зерттеулерге сүйендім. Солардың біріне мың адам қатысқан, олардың сегіз жүзінің отбасында аутоиммунды аурулар болған. Лектинсіз диетаны қатаң сақтағандар үш ай бойы қабыну белгілерін көрмеген", - деп қорытындылады кардиолог. Калифорниялық дәрігердің айтуынша, бұл ақуыз ақыл-ес кемдігі, таз болу, безеу, анемия және тіпті созылмалы шаршау синдромын арттырады. Сенің шаршауыңның себебі тиран бастық емес, тиран қызанақ болуы мүмкін!".

Анти эйдж дәрігері Сманова Ұлжалғас: "Қызанақтың құрамы дәрумендерге өте бай. Бірақ кез келген нәрсенің жаман-жақсысы болатынны сияқты, зияны да жоқ емес. Оның құрамындағы ақуыз көп ауруға себеп болады. Мысалы, аллергиялық ауруы бар адамдарға ең бірінші осы қызанақтан бас тартуды ұсынады. Асқазан-ішек жолы ауыратындар бұдан мүлдем бас тартқаны дұрыс. Өт, бауыр, бүйректе тасы барлар да. Аз мөлшерден қолдануға болады. Зияны тиместей",-дейді.

Айтқандай, диетологтар тек қызанақ емес, сонымен қатар, барлық бұршақ және сүт өнімдеріне (бірақ АҚШ-та ғана) де тыйым салған.

Бірақ бір жақсысы қызанақты қабығын аршып жеуге болады және ең дұрысы, шикі емес, пісірілген түрде жеңіз.

Құрамындағы лектин саны бойынша қызанақтан кейінгі екінші тұрған жүгеріні қандай күйінде де мүлдем тұтынбаған абзал. Ғалымдар оны мүлдем ұмытуға кеңес береді.

А. Оралқызы