Сырттан сатып алған етті жумау қажет. Неге?

Сырттан сатып алған етті жумау қажет. Неге?
Фото: izuminki.com

Бактерия мен вирустан аман жүрудің дұрыс жолы – тазалық екені шүбәсіз. Әсіресе, гигиенаны таза ұстаудың жөні бөлек. Дүкеннен, базардан сатып әкелген көкөніс пен етті жуып-тазалап, тамаққа салатанынымыз да содан.

Көкөністі жуған дұрыс шығар, алайда сырттан келген етті жумау қажет дейді мамандар. Себебі еттің бетінде шынымен де бактерия тұрып қалса, үйге келіп жуғаннан раковинаның үстіне сумен шашырап бактерия да айналаға тарап кетуі мүмкін.

Сондықтан шикі ет пен тауықты тамаққа салып, қайнатып, сол арқылы бактерияны "өлтіруге" болады. Ең бастысы тамақты 100 градусқа дейін қайнату қажет. Инфекция сол кезде жойылады.

Тағы бір ескерер жайт – азық-түлік сатып алғанда шикі тағам мен дайын тағамдарды бір пакетке не бір жерге салмаңыз. Бөлек-бөлек ұстаған жөн көрінеді.

Екіқабат әйел мен балалар, қарт адамдар тез инфекция жұқтырады. Сондықтан тамақты істерде еттің, жұмыртқа мен шұжықтың, балықтың ыстық суда қайнап барып піскеніне мән беру керек. Шала пісіруге болмайды. Сондай-ақ пастерленбеген сүттен абай болу қажет.

Етті қайнатар алдында жуған дұрыс па?

Қ. Слямбек