Жүрек талмасының бірнеше ай бұрын пайда болатын белгілері

Денсаулығымыз жақсы болмаған кезде біздің ағзамыз әрқашан дабыл қағады. Ең бастысы, оларды дер кезінде танып, қажетті шараларды қолдана білу.

Жүрек талмасы бар адамды құтқаруға уақыт аз. Заманауи медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, кейбір инфарктпен ауыратын науқастар, статистикаға сәйкес, аурудың алғашқы 7 күнінде қайтыс болады. Көбінесе мұның себебі – уақтылы көмек көрсетпеу. Ағзамыздың бізге беретін сигналдарын жиі елемейміз. Өйткені, көптеген адам ауырып басылады деп ойлайды.

«Жүрек талмасы кезінде уақыт өте аз, екі сағат қана уақытыңыз болады», - дейді кардиолог Анна Кореневич.

Дегенмен, кейбір жағдайларда дене апат туралы алдын ала сигнал береді. Сонымен, кеудедегі шаншу және ауырсыну, әлсіздік тамырда ақау болған кезде пайда болады.

© kp.ru

«Егер сіз бұрын бұл мәселеден зардап шекпеген болсаңыз, бірақ кенеттен қатты терлей бастасаңыз, суық тер тамшылары аға бастаса дәрігер көмегіне жүгіну қажет», - дейді кардиолог Саттер Зи-Цзянь Сюй Express басылымына берген сұқбатында.

Зерттеулерге сәйкес, қатты терлеу инфаркттың хабаршысы болуы мүмкін. Кейбір адамдарда жағымсыз симптом пайда болғаннан кейін бір-екі айдан кейін жүрек жи соға бастайды, бірақ  инфаркт шамамен 6 айдан кейін орын алуы мүмкін.

Кейбір адамдар қатты терлеуді менопауза симптомы деп қателеседі. Көп жағдайда, әрине, бұл жол – денедегі гормондық өзгерістер кінәлі. Бірақ өзіңізді инфаркттан қорғау үшін кардиологқа хабарласқан дұрыс. Әсіресе келесі белгілер сізді алаңдатса:

• Кеуде, бір иық ауырса;

• ентігу болса (тіпті кішкентай);

• арқа немесе іштің ауруы;

• алаңдауға негіз болмаса да, қатты алаңдап  жүрсеңіз.

Айта кетейік, бұған дейін кардиологтар бір ай бұрын әйелдерде басталатын жүрек талмасының белгілерін атаған болатын.