Теріні жасартатын жеміс

Адам терісінің жас ұстауға көмектесетін, бәріне қолжетімді жеміс бар. Ол – қараөрік. Осылай жазады ағылшын мамандарының сөзін The Sun басылымы.

Мамандардың айтуынша, қараөрікте С дәрумені өте көп болады. Ал С дәрумені теріге пайдалы, "жасару ақуызы" аталып кеткен коллагеннің концентрациясын көбейтетін негізгі нәркөз.

Күлгін түсті бұл жеміс адамның қартаюын тоқтатып, ағзадағы коллагенді көбейтеді әрі терінің балғын, жұмсақ болуына септігін тигізеді дейді мамандар.

Бұдан бөлек, қараөрікте жасаруға көмектесер тағы бір дәрумен – А мен Е дәрумендері де көп болатын көрінеді.  Қараөрікте жасұсынық мол. Ішекті тазалап, терінің жиырылып-созылуына жақсы әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, теріні жасартатын тағы бір нәрсе – бұл су. Кәдімгі ауыз су. Су әжімді болдырмайды, теріні жұмсақ етеді, ағзаны сұйықпен қамтамасыз етеді.