Жатарда су ішуге бола ма?

Жатарда су ішуге бола ма?
Фото: dom-prestarelyh.net

Ұйқының адам өмірі үшін маңызы зор екенін айтпаса да түсінікті. Ұйқысы бұзылған адамның денсаулығы да сыр беретіні белгілі. Сондықтан жатарда барынша ұйқы бұзбайтын әдеттерді істеу керек.

Солардың бірі – су ішу. Мамандардың айтуынша, жатарда су ішуге болмайтынын айтады. Суды көбіне таңертең не түс, түс ауа көбірек ішу керек. Ал кешке таяу ішу ұйқыға жақсы емес. Өйткені адам түні бойы дәретке жүгіріп, ұйқысы бұзылуы мүмкін. Ал ұйқы бұзылса, адамның жүрегіне кері әсер етеді.

Адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Ағза осы уақытта ғана гормондардың бөлінісін реттеп, зат алмасын жөндейді. Ұйқы бұзылса, онда осы цикл түгелдей бұзылады.

Гормон бөлінісі бұзылса, жүрек-қан ауруларына, қан қысымына, диабет пен семіздікке әкелуі мүмкін. Әсіресе, ер адамның көбі осы ұйқының бұзылу себебінен өлім құшады.

Ал жатарда су ішуге келсек, онда мамандардың айтуынша, суды ұйықтардан 2-3 сағат бұрын ішкен жөн. 300-500 мл су ішсеңіз жеткілікті.

Қ. Слямбек