Адамда қан айналымы нашар екенін білдіретін басты белгілер

Адам қартайған сайын қан айналымы нашарлайтыны белгілі. Бірақ жас күнде, тіпті 40-қа толмай жатып қан айналымы нашарласа, жақсы емес. Жасырын дерттің барын білдіреді.

Әсіресе, диабет, жүрек-қан ауруы, атеросклероз сынды аурулардың басты белгісі – осы қан айналымының нашарлауы. Сондықтан қан айналымы орынша ма әлде бір нәрсесі дұрыс емес пе – соған мән беруіміз керек.

Мамандар мұның мынадай 5 белгісін атап жүр.

Ине шаншығандай, шаншып ауру. Әсіресе, қан жетпей жатқан жерлер ине шаншып алғандай, шымшып алғандай шаншып ауруы мүмкін. Яғни, қан керек жерге жетпей жатыр деген сөз, содан зат айналымы бұзылып, қоректік заттар керек жеріне жете алмай жатқанын білдіреді.

Аяқ-қол тоңу. Қан айналымы жақсы болса, бүкіл дене жылы жүреді. Егер қан айналымы әлсіз, нашар болса, онда дененің ең түпкі жерлеріне қан жетпей қалады. Әсіресе, аяқ пен қолдың ұшына бармай қалуы мүмкін. Содан мұздау, тоңу басталады.

Ісіну. Шынтақ пен білек, табан ісіп кетеді. Қан тамырларынан сұйықтық бөлініп, басқа жасушаларға тарап кетеді. Ісіну содан болады.

Буын мен балтыр сыздайды. Қан жетпегесін балтыр сыздап қатты ауырады. Тұрғанда да, отырғанда да.

Бозару. Қан айналымы нашар екенін білдіретін ең көп кездесетін белгі –  бозару. Қол мен аяқ, саусақ пен мұрын, ерін бозарып кетеді. Тоңған адам бозарып кететіні сынды қан айналымы нашар адамның да ерні мен мұрны, саусағы бозарып жүреді.