Қатерлі ісіктің алдын алатын 5 тағам

Қатерлі ісік дегеніміз – ағзаның жап-жақсы жұмыс істеп отырған жасушасы мутацияға ұшырап, ағзаның өзіне қарсы шығатын, қарсы шабуылға көшетін патологиялық жағдайы. Обыр адамның кез келген жерінен, кез келген мүшесінен, кез келген жасушадан шығуы мүмкін. Рактың қазіргі таңда төрт түрі – ең көп тарағаны болып отыр: омырау рагы, ішек, өкпе және простата.

Бұл қатерлі ісіктерді емдеудің дамыған жолдары баршылық. Бірақ ең алдымен емделгеннен бұрын, өзіңді сау ұстаудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Рактың алдын алатын бірден-бір жол – бұл дұрыс тамақтану.

Қазіргі таңда ғылымда қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін 5 тағам бары анықталған. Бұларға ортақ химиялық құрам – флавоноид. Оның қабынуды басатын, оның алдын алатын қасиеті бар. Кәдімгі өсімдік типтес қоспа.

Флавоноид негізінен мына 5 тағамда көп көрінеді:

1. Көк шай

2. Бір алма

3. Бір апельсин

4. 100 грамм қаражидек

5. 100 грамм брокколи

Бұларда флавоноид адамға қажет дозасы мен тағам көлемі бірдей көрсетілген.