Дінге сенетін адамдар жыныстық қатынастан көбірек ләззат алады

Дінге сенетін адамдар интим қарым-қатынасынан көбірек ләззат алады. Осылай дейді сауалнама арқылы зерттеу жүргізген Эксетер Университетінің (University of Exeter) мамандары.

Ағылшын зерттеушілерінің айтуынша, дінге сенетін адамдар өзін барынша таза, пәк ұстайтындықтан, жыныстық қатынасқа көп бара бермейді. Кез келгенмен "болмайды". Соның арқасында олар бір ғана адаммен жақын болу арқылы жыныстық қатынастан көбірек ләззат алатын көрінеді.

Яғни мамандардың айтуынша, жыныстық қатынастан көбірек ләззат алу үшін барынша аз "болу" керек, ал көп адаммен, жалпы көп рет жыныстық қатынасқа түскен адамға бәрі үйреншікті болып кетеді де, ләззат алуы қиындайды.

Дінге сенетін адамдардың "қатынастан" көп ләззат алатынының тағы бір себебі, мамандардың ойынша, ондай адамдар жабық тақырыпқа көп бара бермейді әрі одан сонша ләззат аламын деп ойлайтынында. Ал кейін "қатынасқа" түскеннен кейін, эйфорияға беріледі.