Ауру адамның жанына барған адамның денсаулығы жақсарады

Ауырған адамның жай жанында болған, барған, тұрған адамның денсаулығы жақсарады. Өйткені ауруды көрген иммун жүйесі өз-өзін дайындап, бейсаналы түрде аурудың алдын алуға әзірленеді екен. Осылай дейді АҚШ-тың Чепмен университетінің мамандары.

Америка ғалымдары адамның иммунитетіне бақылау жасап, ауруды көргенде не сезінгенде қалай әрекет ететінін, қорғаныш жүйесінің қалай жұмыс істейтінін зерттеген. Сонда байқағалғаны – иммун жүйесі ауырған адамды көрген кезде өз-өзін сол аурудың алдын алуға дайындала бастайды екен. Инфекцияны жұқтырмаудың, жұқтырса қалай қорғану қажетін қорғаныс жүйесі пысықтап, соған энергия жұмсап белсенді жұмысқа көшетін көрінеді.

Мамандар бірақ эпидемиология кезінде иммунды жүйе шынымен де солай жұмыс істей ме әлде жоқ па – ол жағын әлі анықтай алмай отыр. Бұл бағыттағы зерттеу енді ғана басталғандықтан, жұқпалы аурудың алдын алуға ол көмектесе ме әлде жоқ па – айту қиын.

Бірақ ғалымдардың келтірген мына бір уәжі иммун жүйесінің жұмысы да болуы мүмкін. Мәселен, сау жануарлар ауру жануарды көрсе, оған жуымайтын көрінеді. Паразит пен вирустан барынша қашады. Адам да жұқпалы аурудан қорқатыны белгілі. Паразиттен қашу – иммун жүйесінің жұмысы болуы мүмкін деседі мамандар.