Смартфон адамның бетіне әжім ерте түсіреді

Смартфон адамның бетіне әжім ерте түсіреді
Фото: unsplash.com

Смартфоннан шашылған жарық, яғни, көк сәуле адамның бетіне тез әжім түсіреді. Содан адам ағзасында қартаю ерте басталуы мүмкін.

Осылай дейді АҚШ-тың Орегон университетінің ғалымдары. Мамандар смартфонның жарығы адам ағзасына қалай әсер ететінін білу үшін кішкене шыбынды көк жарық шашқан жәшікке салып, 14 күн қамап ұстаған екен. Сонда мамандар шыбынның ағзасындағы жасушалардың қызметі нашарлап, нейродегенерация мен қартаю процестерінің басталғанын байқаған.

Зерттеу жетекшілерінің айтуынша, смартфоннан шашылған көк сәуле адам ағзасындағы жасушаның көбіне кері әсер ететін көрінеді. Ал смартфонды барынша қолданудан бас тартқан адам жастығын да біршама сақтап қалмақ.

Бұған дейінгі зерттеулер смартфонның адамға зиян екенін бірнеше рет анықтаған. Мәселен, смартфон адамдың семіздікке шалдықтырып, психикалық денсаулығын қиындатып жіберетіні, көзді нашарлататыны, ұйқыны бұзатыны – бұған дейін де айтылып жүрген жайттар.

Ұйықтарда смартфон қолданудың зияны

Қ. Слямбек