Тіс жұлғаннан кейін құлақ неге ауырады?

Тіс жұлғаннан кейін құлақ неге ауырады?
Фото: ru.freepik.com

Тіс жұлып келіп едіңіз, құлағыңыз ауырып бастады ма? Бұл жағдайда құлақ неге ауырады және қандай кезде дәрігерге көріну керек?

Тіс жұлғаннан кейін құлақ тістің еті, сүйек қабығы немесе жүйке зақымдалғанда ауыруы мүмкін. Бұл жағдайда оның қасында орналасқан тіс те ауырады, ол жаққа беріледі және тамақ та ауырады. Әсіресе, ақыл тісті жұлғаннан кейін құлақ ауырып, мазалауы мүмкін. Бұл ақыл тіс құрылысының ерекшелкітеріне және оған жетудің қиын болуымен байланысты. Сәйкесінше, тіндердің де, жүйке ұштарының да зақымдалуы, басқа тістерді жұлғанға қарағанда қаттырақ болуы мүмкін. Бірақ, әдетте, ода тұрған ештеңе жоқ. Тіс жұлғаннан кейін сырттан араласуға ағзаның қарапайым реакциясы дамиды, себебі зақымдалған тіндер мен жүйке ұштарының қалпына келуі үшін біраз уақыт керек. Егер құлағыңыз қатты ауырса, стоматологқа қаралыңыз. 

Егер тіс жұлғаннан кейін бірнеше күннен соң құлақ ауырып бастаса, сондай-ақ ауыздан біртүрлі дәм шықса, «құрғақ қуыс» деп аталатын асқыну басталып тұрған болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, тіс жұлынған жердегі қуысқа жұқпа түскен.

Ол не үшін болады?

Тіс дәрігерінің ұсыныстарын орындамадыңыз. Мысалы, бірінші күні ауызды шаю. Тісті жұлғаннан кейін қуыста ұйыған қан қалады. Оны шаюға да, алып тастауға да болмайды. Ол жүйке ұштары мен сүйектерді қорғайды және тіс жұлғаннан кейін сүйек тінінің түзілуі үшін қажет. Сол себепті де тіс дәрігерлері тіс жұлғаннан кейінгі бірінші күні ыстық тамақ ішуге және ауыз шаюға тыйым салады.

Екінші себеп — альвеолит (ұяшық қабынуы) секілді асқынудың дамуы.

Альвеолит деген не?

Бұл қуыс пен оның айналасындағы тіндерді зақымдайтын қабыну процесі. Ол тіс жұлынған жерде ұйыған қан пайда болмаса немесе түсіп қалса, пайда болуы мүмкін.

Альвеолит белгілері:

- тіс жұлған жер ауырады;
- тіс жұлғаннан кейін 2-4 күннен соң ауырып бастайды;
- тістеріңіз тоқтаусыз ауырады;
- құлақ, көз, самай, төменгі жақ немесе иек қатты ауырады;
- дене температурасы көтерілуі мүмкін;
- ауыздан шірік иіс шығады;
- лимфалық түйіндердің ісіп кетеді және жұтынғанда тамақ ауырады.

Қалай емдейді?

- «Құрғақ қуыс» кезінде тіс дәрігері оған арнайы май жағылған мақта қояды. Оны белгілер кеткенше күнде ауыстырып тұру керек.

- Альвеолит кезінде дәрігер қуысты іріңнен тазартып, оны антисептикпен өңдейді.

- Тіс жұлғаннан кейін құлақ ауырса, отоларинголог дәрігерге қаралған дұрыс. Ол жалпы лор-органдар жұмысында бәрі дұрыс па жоқ па тексеріп береді.

А. Жапатова