Бүйрек ауруының бастапқы 3 белгісі

Бүйрек – "ауруын" білдіре бермейтін ағза. Сондықтан бүйректің ауруға шалдыққанын кейде өте кеш біліп жатамыз. Шыдамды мүше болғасын, ешқандай белгі бермей жүре беруі мүмкін. Бірақ бір күні бір-ақ "жарылуы" ғажап емес.

Шетел дәрігерлерінің айтуынша, бүйрек ауруын күні бұрын байқауға, анықтауға болады. Сол белгілермен кейін дәрігерге қаралып көресіз.

Бүйрек ауруының бастапқы мынадай 3 белгісі бар:

Терінің сезімталдығы нашарлайды. Яғни, тері құрғап қышуы мүмкін. Бүйрек ағзаға түскен тағамды дұрыс өңдей алмай, содан денеде фосфор көбейіп кетеді. Терінің құрғауы содан болады. Сондай-ақ, ішек пен бауыр жұмысы да нашарласа, терінің сезімталдығы азаяды.

Қаназдық, анемия. Әлсіздік, ұйқы қанбау, ұйқы келмеу, тез ентігу – мұның бәрі қаназдықтың белгісі. Бүйректің жұмысы нашарласа, эритропоэтин атты гормонның бөлінуі де нашарлайды. Ал бұл гормон эритроцит (қанның қызыл бөлшегі) бөлуге тікелей қатысады.

Диастоликалық қысымның өзгеруі. Яғни, төменгі қысым көрсеткішінің өзгеруі. Бүйрек қан тамырлары дұрыс жұмыс істей алмай жатыр деген сөз. Төменгі қысымның көрсеткіші жоғарылап кетсе, адам бүйрек қан қысымына шалдығуы мүмкін.