Адамды бірден семіртетін 5 ішімдік

Алкоголь адам сымбатына зиянын тигізеді. Кез келген спиртті сусынның калориясы көп, бірақ олардың ешқайсысы тоқтық сезімін бермейді. Диетолог Лорен Манакер артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін мүлдем бас тартуға тұрарлық ішімдік түрлерін атады.

© milaclub.com

Пина колада

Суық пина коладасыз жағажай демалысын елестету мүмкін емес адамдар бар. Оның құрамында кокос сүті мен ананас шырыны бар. Бұл сусынның калориясы өте жоғары. Ең бастысы, оның құрамында қант көп. Сонымен қатар, пина колада бос калория. Ол кешкі асты алмастыра алмайды.

© 1000.menu

Лонг-Айленд коктейлі

Бұл коктейль бірден мас қылатын сусын ретінде беделге ие. Себебі, оның құрамында арақ, джин, текила және ромға негізделген – бірден 4 өте күшті ішімдік бар. Коктейльдің калориясы өте жоғары. Және ол адамды бірден мас қылады, содан кейін не ішіп, не жегеніңізді білмей қаласыз.

© frullato

Кола қосылған виски

Кока-кола – қанттың көп мөлшері бар өте жоғары калориялы сусын. Үйде қанша кола ішетініңізді бақылай аласыз, бірақ барда стақаныңызға қанша қантты сода құйылғанын қайдан білуге ​​болады? Сондықтан мұндай коктейльден бас тартқан дұрыс.

© alkolife

Коктейль "Маргарита"

"Маргарита" бір қарағанда жоғары калориялы сусын болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ 300 мл осындай бір коктейльдің құрамында 590 калория бар. Салыстыру үшін, осы аттас пиццаның орташа бір тілімінде 450 калория бар.

Бәріне тағы да қант кінәлі: бұл коктейльдің құрамына тәтті ликер де, қант шәрбаты да кіреді.

© pivaldi

Сыра

Сыра салыстырмалы түрде аз алькоголді күшке ие болғандықтан өте танымал. Ал сырада онша көп калория жоқ. Бірақ, сыра тәбетті ашады. Соның арқасында майлы және қоректік тағамдар жей бастайсыз.

Сонымен бірге сыра ісінуді тудырады. Сыра ішетін әйелдер үшін қыпша бел арман.