Дәрігерге қаралу қалтаңызды қақпауы үшін білу керек 5 құпия

Дәрігерге қаралу қалтаңызды қақпауы үшін білу керек 5 құпия
Фото: plasteo.ru

Денсаулыққа жұмсалатын шығынды азайтуға бола ма? Қандай әдістер ең тиімді саналады?

Дәрігерге қаралсаңыз, соңында ол әртүрлі сынақтар мен зерттеулерге жолдама береді. Түрлі себептерге байланысты мемлекеттік мекемелерде қажет нәрсенің барлығынан өту мүмкін емес. Бұл жерде коммерциялық медициналық орталықтар мен зертханаларға бару мәселесі туындайды. Осы орайда біз денсаулыққа зиян келтірместен медициналық қызмет құнын төмендетуге болатын кеңестермен бөліспекпіз.

Ұсыныстарды салыстыру

Нарықта көптеген медициналық мекемелер бар: үлкен желілерден бастап шағын медициналық орталықтар мен зертханаларға дейін. Кейде бір ғимараттан 3-4 ұқсас мекемені кездестіруге болады. Ал олар тұтынушылар тарту үшін өзара бәсекелесіп бағаны арзанырақ ұсынуға тырысады. Біраз уақытыңызды қиып, алғашқы қабылдаудың құнын, сізге қажет сынақтар бағасын салыстырыңыз.

Дегенмен, баға бәсекелестермен салыстырғанда тым төмен болмауы керек. 10-20% шегінде құн айырмашылығы қолайлы. Бірақ бірнеше есе төмен бағалар сізді қызықтырмауы тиіс, себебі мұндайда мамандардың, жабдықтардың, зерттеуге арналған реагенттердің сапасына күмән туындайды.

Дәрігердің нұсқауынан ауытқымау

Кейде медициналық орталықтар мен зертханалар клиентке қосымша немесе кешенді зерттеулерді ұсынады. Мысалы, сіз дәрігердің нұсқауы бойынша тек жалпы қан анализін тапсыруға келдіңіз, ал олар сізге биохимия кешені, холестерин мөлшері, қандағы қант және т.б. талдауларды да қосымша өтуді ұсынады. Бұлар қарапайым, қымбат емес сынақтар, бірақ жиынтық жалпы сомасы бастапқыда жоспарланғаннан әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан, егер үнемдеу туралы айтатын болсақ, зерттеулерден өтіп, сынақтардан өту кезінде артық төлемдер болдырмау үшін дәрігердің ұсыныстарын ғана орындаңыз. 

Арнайы ұсыныстарға мән беру

Қолданыстағы жеңілдіктер мен акциялар туралы ақпаратты нақтылауды ұмытпаңыз. Мысалы, күрделі зерттеулер немесе көптеген талдауларға жеңілдіктер болып жатады. Көбінесе арнайы баға аптаның белгілі бір күндерінде, тәулік уақытында және т.б. болады. Сондықтан түнде көптеген тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық орталықтар бірқатар зерттеулерге жақсы жеңілдіктер ұсынады (мысалы, КТ, МРТ және т.б.). Сондай-ақ бонустық бағдарламалар мен карталарына назар аударыңыз. Бұл сізге ұзақ мерзімді перспективада медициналық қызметтерге ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дәрігердің медициналық дәрежесіне назар аудару

Көбінесе медицина ғылымдарының кандидаты/докторы немесе профессор қабылдауына жазылу қымбатырақ болады. Егер сіздің денсаулығыңыздың проблемасы күрделі диагнозға байланысты болмаса, профессор немесе медицина ғылымдарының докторын таңдаудың қажеті жоқ.

Салық шегерімін алу

Егер сіз ресми түрде жұмыс істейтін болсаңыз, демек жалақыңыздан бекітілген мөлшерлеме бойынша салық төлейсіз. Бұл сізге медициналық қызметтерге салық шегерімін алу мүмкіндігін береді. Бұған медициналық тексерулер, мамандар қабылдауы, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алу, ота жасау және т.б. кіреді.

Таңдалған медициналық орталықтың лицензиясы болуы керек екенін есте сақтаңыз. Жыл ішінде сізге медициналық қызметтерді төлеуге арналған түбіртектерді жинау қажет, содан кейін салық органына тапсыру үшін анықтамалар мен құжаттар пакетін жинау керек. Салық шегерімін алу жылдам процесс емес, бірақ қаражаттың бір бөлігін қайтарусізге қаржлық көмек болары анық. Әсіресе, бір жылда денсаулығыңызға қомақты сома жұмсасаңыз.

А. Оралқызы