Қандағы артық қантты азайтуға көмектесер әмбебап сусын не?

Қандағы артық қантты азайтуға көмектесер әмбебап сусын не?
Фото: vitaline-nn.ru

Қазір қантсыз тағам табу қиын. Өндірістік өңдеуден өткен азық-түліктің бәрінде қант бар. Азық-түлік дүкендегі тауар мен өнімдің барлығы дерлік қант қосылған өнімдер. Оны жеген адамның да ағзасында қант көбейіп кететіні түсінікті.

Ал қанда қант көбейсе, арты түрлі ауруға шалдықтырады. Ең ауыры – қант диабеті.

Ендеше ауруға тап болмас үшін қандағы қант деңгейін реттеп отыру қажет.

Оның үстіне, ұйқы безінің қызметі бұзылып, инсулин гормонын дұрыс бөлмесе не жасушаның қантты бөліп-игеруге деген қабілетінен айырылса, ағзаға түскен қант дұрыс сіңбей қалады.

Мұндайда мамандардың айтуынша, қандағы артық қантты реттеудің, азайтудың ең дұрыс жолы – су ішу екен. Басқа сусындарға қарағанда осы қарапайым ауызсудың көмегі көбірек.

Дәрігерлер қант диабетіне шалдыққан жандарға да көбірек су ішу керек деп кеңес береді. Су қандағы артық глюкозаны шайып әкетеді.

Одан бөлек, қанда қант көбейіп кетпесін десеңіз, гликемиялық индексі жоғары көмірсутегі мол азық-түлікті жемеуге тырысыңыз. Бұған тәтті, қант қосылған тағамдар мен сусындар, ақ нан мен бәліш, пісірілген нан өнімдері, картоп пюресі, ақ күріш жатады.

Аш қарынға су ішудің 7 пайдасы

Суды дұрыс ішудің 5 амалы

Қ. Слямбек