Маймыл шешегінен қалай сақтану керек? Бас санитария дәрігері түсіндірді

Маймыл шешегінен қалай сақтану керек? Бас санитария дәрігері түсіндірді

Бас мемлекеттік санитария дәрігер, Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова маймыл шешегінен қалай сақтану керектігін айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің 1600 расталған, 1500 расталмаған жағдайы туралы мәлімдеді. 23 маусымда ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізеді, онда сарапшылар маймыл шешегінің халықаралық төтенше жағдай тудырғанын талқылайды.

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға қауіпті инфекцияны жұқтырмаудың жолдарын айтты:

  • вирус зооноздық сипатқа ие болғандықтан, яғни жануардан адамға, содан кейін ғана бір адамнан екінші адамға жұғатындықтан жануарларды ұстамау;
  • жануарларды балалар жақсы көретіндіктен, соларға абай болу керек;
  • маймыл шешек ауруының қауіпті тасымалдаушыларына кеміргіш, егеуқұйрық, тиін, маймыл жататындықтан осы жануарларға жақындамау;
  • инфекция ауру жануардың еті арқылы да берілуі мүмкін, сондықтан шетелде сенімсіз жерлерден тамақтанбау;
  • қолды жуу, қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию;
  • Жағажайда, бассейнде бейтаныс адамдармен жақын физикалық байланыс орнатудае аулақ болу;

Сондай-ақ, шетелден келген кезде бірнеше апта бойы өз жағдайын бақылауға, симптомдар пайда болған жағдайда  дереу дәрігерлерге хабарласуға шақырады.

Г. Досымшалова