Ғалымдар қант диабетін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Ғалымдар қант диабетін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты
Фото: autogear

Израиль ғалымдары қандағы қант деңгейін бақылаудың жаңа әдісін тапты. Бұл туралы Medical Xpress жазды.

Израильдегі Бет Израиль Диконес медициналық орталығының (BIDMC) эндокринологтары адам тіндерінде өндірілетін және инсулинге сезімталдыққа, қандағы қантты бақылауға пайдалы әсер ететін FAHFA деп аталатын липидтердің немесе майлардың жаңа класының синтезіндегі негізгі ферментті анықтады. Бұл 1 типті және 2 типті қант диабетін емдеудің жаңа әдістеріне жол ашады.

"Біз FAHFA липидтері бета-жасушаларды иммундық шабуылдан және метаболикалық стресстен қорғайтынын көрсеттік. Егер FAHFA деңгейін арттыра алсақ, бұл 1 типті және 2 типті қант диабеті үшін де пайдалы болуы мүмкін. Жаңа тұжырымымыз серпінді, өйткені біз алғаш рет бұл липидтердің сүтқоректілердің ұлпаларында қалай түзілетінін білдік», - деді медицина ғылымдарының докторы Барбара Кан.

FAHFA қант диабеті бар тышқандарда қандағы қантты бақылауды жақсартқан және қабынуға қарсы иммундық жауаптарды төмендетен. Бұл 1 типті қант диабеті ауруының төмендеуіне әкеледі. Липидтер сонымен қатар ұйқы безінің бета-клеткалары деп аталатын адам инсулинін шығаратын жасушаларды иммундық жасушалардың шабуылынан және жасушалық стресстен қорғайды.

Ғалымдар бұл нәтижелер қант диабетімен ауыратын адамдар үшін жаңа терапиялық стратегияларға жол ашуы мүмкін дейді.

Т. Раушанұлы