Адамның дауысына қарап қатерлі ісікті анықтауға болады

Адамның дауысына қарап қатерлі ісікті анықтауға болады
Фото: lenta.ru

Адамның дауысы мен үні өзгеріп, қарлығып шықса әрі бұл белгі ұзаққа созылса, ол – ауыз қуысы қатерлі ісігінің симптомы болуы мүмкін.

Мұны Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің онколог мамандары айтып отыр. Бұл жайлы Daily Express жазды.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің адам дауысына қарап та анықтауға болады. Әсіресе, ауыз қуысы мен тамақ-өңеш маңында шыққан обыр дерті сыртқы белгі бермей қоймайды. Адамның тынысы тарылса, ас-суды жұтуы қиындаса, аяқасты арып кетсе, ауыздан қан ағу мен жақ сілейіп қалу, сынды белгілер шықса, жақ ауырса – ол жақсы емес. «Жаман ауруды» белгілері болуы мүмкін.

Қатерлі ісіктің ауыз қуысының ішінен шығатын жерлері мыналар – ұрттың маңайы, таңдай мен тілдің асты, тістің жаны. Еріннің маңайынан шығуы да мүмкін.

Осы белгілердің біріне байқасаңыз, тезірек дәрігерге қаралып, себебін білу керек. Бұлар басқа бір аурудың да белгілері болуы ықтимал.

Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай – онкологтың ескертуі

Қатерлі ісіктің дене мен терідегі алғашқы белгілері

Қ. Слямбек