Медицинада белгілі түрлі синдромдар 2

Медицинада әлі толық зерттелмеген синдромдар бар. Бүгін назарға адам сенгісіз синдромдарды ұсынамыз.

1.Бөтен адам қолы синдромы
Неміс неврологы Курт Голдьштейн бұл ауытқуды адамның бір не екі қолы өз иесіне бағынбай, өздігімен қозғала бастауы деп түсіндірді. Мысалы, емделушілердің бірі сол қолы түнде тұншықтыра бастады деп шағымданған. 

Синдром мидың оң және сол жарты шарларының арасындағы байланыс бұзылған кезде пайда болады. Синдромды кейде "Дәрігер Стрейнджлав дерті" деп те атайды. Бұл дерттің туындауы мидағы ісік, инфекция, инсульт пен Альцгеймер ауруы себеп болады. Кейде сәтсіз отадан кейін пайда болады. 50-жылдары эпилепсияны емдеу үшін мидың жартышарларын хирургиялық жолмен бөлген. Эпилепсия шынымен емделсе де, қолдар иесіне бағынбайтын болған.

2. Мюнхеймер синдромы 
Медициналық ресми атауы — үдемелі сүйектенетін фибродисплазия. Одан бөлек Мюнхеймер синдромы деп те аталады. Бұл — өте сирек кездесетін генетикалық дерт. Ауру кезінде ағзаның барлық ұлпасы, яғни бұлшық ет, буындар бірте-бірте сүйекке айналады. Алғашқы белгілері шамамен 10 жаста басталады. Нақтырақ айтсақ, ағза бар қаңқаның үстіне екін қаңқа жасап шығады. Ең алғашқы белгілерінің бірі — саусақтар дамуының бұзылуы. Олар ішке иіліп, оларда буын болмайды. Бұндай сүйек буыны кейін иық пен мойында дамып, аяққа қарай түседі. Зардап шегушілер тамақ қабылдай алмайды, демалуы қиындай түседі. 

Әзірге дерттің емі табылған жоқ. Екі миллион адам арасынан тек біреуі ауыруы мүмкін. 

3. Тератома
Қатерлі ісіктің кез келген түрі қорқынышты. Соның ішінде дене ішінен бөгде ағза түзетін тератоманы ең қорқынышты ісік түрі деп атап өтуге болады. Тератома — әйел және ер жұмытқаларында пайда болатын ісік.  Кейде сегізкөз-құйымшақ, ми, жақ сүйектері, мұрын қуысы мен өкпеде пайда болуы мүмкін.  

Тін жасушаларының бөлінуі механизміндегі қателіктер кесіренен ағза өзге ұлпа не мүше түзуі мүмкін. Түзілген ісіктің өз шашы, бұлшық еті, денесі, тісі болуы мүмкін. Тератоманы көбіне балаларда тапқан.  

4. Суға аллергия
Медицинада атауы — аквагенді есекжем. Бұл — өте сирек кездесетін, аутоиммунды ауру. Әлемде небәрі 32 адам осы дертке шалдыққан.

Дертке шалдыққан адамда суға жақындаған кезде бөртпелер пайда болады. Терлеген кезде, көз жасына да дене реакция береді. Аурудың неден туындайтыны әлі күнге дейін белгісіз. Аллергия көбіне әйел адамдарда кездеседі және жыныстық жетілу кезеңінде байқалады. Дертке шалдыққандар тері май негізінде не вазелин жағып қана, суға түсе алады.

5. Котар синдромы 
Бұл дерттің зомби-вирусымен байланысы жоқ. Котар синдромы психологиялық ауытқу. Детке шалдыққан адам өзін өлік және ыдырап жатқандай сезеді. Ауруды алғаш болып 1880 жылы француз неврологы Жюль Котар ашты. Ол өзін баяғыда өліп қалды деп ойлап, тамақ ішуді қойған әйел адамның жағдайын сипаттаған. Синдром шизофрения кезінде, күйзеліс, ми ісігі кезінде қарқынды дамыған. 

Сіз қандай синдромдарды білесіз?