Қызыл, сары, көк дәрі: болгар бұрышының пайдасы

Қызыл, сары, көк дәрі: болгар бұрышының пайдасы
Фото: Getty Images

Болгар бұрышы (Capsicum annum) – Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі – Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады. Бізге Болгариядан келгеннен кейін оны – "Болгар бұрышы" деп атаған.

• Бұл көкөніс әдемі түсі мен жағымды дәмімен ғана емес, сонымен қатар пайдалылығымен де ерекшеленеді. Болгар бұрышы қан тамырларын нығайтады, артық холестеринді жоғалтады;

• Ол С дәруменіне бойынша көкөністер арасында көшбасшы. С дәрумені (аскорбин қышқылы) жасушаларды жасартады, капиллярларды нығайтады, тромбоздың ықтималдығын азайтады;

• Өнімдегі V, RR және A дәрумендері жалпы иммунитетті жақсартады. Олар ағзадағы бос радикалдарды бейтараптандырады, бұл онкологиялық аурулардың алдын алуда маңызды;

• Көкөністердің құрамындағы бірегей зат – жүрек ауруынан қорғайтын және қатерлі ісіктердің дамуына жол бермейтін ликопен;

• Болгар бұрышы ішкі ағзаларды тромбиден, патологиялық өзгерістерден қорғайды. Сондықтан созылмалы ауруы бар адамдарға ұсынылады;

• Тістерді болгар бұрышының қабығымен сүртсе, олардың қан кетуін тоқтатады, ауыз қуысы ауруларын емдейді;

• Болгар бұрышы диеталық тағам болып саналады, өйткені оның құрамында 90 пайыз су бар;

• Болгар бұрышы ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді. Тамақтану алдында бір ғана болгар бұрышын жеу тағамның тез әрі оңай қорытылуына көмектеседі;

• Ол сонымен қатар терінің, шаштың және тырнақтың өсуіне оң әсер етеді.

Болгар бұрышының әйел ағзасына пайдасы

Болгар бұрышы – әйел денсаулығына баға жетпес көмекші. Жүктілік кезінде пісірілмеген көкөністерді күнделікті тұтыну сәбидің дамуына оң әсер етеді. Калий, магний, фосфор, мыс, натрий, мырыш, марганец, селеннің күнделікті қажеттілігін өтейді.

Жүктілік кезінде болгар бұрышын тұтынудағы норманы ұмытпау керек. Көкөністерді шамадан тыс жеу жүрек айнуы мен құсуға әкелуі мүмкін. Сау адам үшін болгар бұрышының күнделікті нормасы – 1 дана.

Оның сығылған суын бетке арналған косметикалық маска ретінде қолдануға болады.

Түстеріне байланысты

Болгар бұрышының әртүрлілігі көзді қуантады: қызыл, жасыл, сары. Көкөністердің түсіне байланысты құрамы да өзгереді.

Көк болгар бұрышы

Пайдасы: Хлороген қышқылына бай, ол канцерогенді (дамушы ісік тінінің) заттардың зақымдалуын азайтады. Қан тамырларындағы холестеринді тромбтардың пайда болуына жол бермейді.

Зияны: аштық сезімін тез тудыруы мүмкін, сондықтан диетадағы адамдарға көп мөлшерде ұсынылмайды.

Қызыл болгар бұрышы

Пайдасы: Ол ликопен мен С дәрумені бойынша басқалардан асып түседі. 100 грамм өнім С витаминінің тәуліктік қажеттілігін 4 есе қанағаттандырады.

Зияны: аллергиясы, тері бөртпесі, ағзадағы аскорбин қышқылының жоғарылауына қарсы көрсеткіштері бар адамдарға ұсынылмайды.

Сары болгар бұрышы

Пайдасы: Калийге бай. Бұл жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің денсаулығына қажетті зат. Ұйқысыздықты жеңеді, есте сақтау қабілетін нығайтады.

Зияны: аллергия тудыруы мүмкін.

Қандай жағдайларда жеуге болмайды?

Аллергиялық реакциялар;

Гипервитаминоз;

Жоғары сезімталдық;

Тромбофлебит.

Осыған байланысты проблемалары бар адамдар болгар бұрышын тұтыну кезінде абай болу керек, өйткені бұл асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатына әсер етуі мүмкін. Ол қан қысымын төмендетеді, сондықтан созылмалы төмен қан қысымы бар адамдарға ұсынылмайды. Созылмалы бауыр және бүйрек аурулары бар адамдар да болгар бұрышын тұтыну кезінде сақтық танытуы керек.

Болгар бұрышын пісірмей жеген жөн. Содан кейін оның пайдалы заттарының тұтастығы сақталады. Термиялық өңдеуден кейін өнімнің пайдасы 70% төмендейді.

Бірақ көкөністерді балғын күйінде табу қиын болатын суық мезгілде консервіленген нұсқа да ұсынылады.

А. Оралқызы