Электронды темекі импотенцияға әкеледі

Электронды темекі импотенцияға әкеледі
Фото: pixabay.com

Электронды темекіні шегетіндер эректильді дисфункцияға екі есе көбірек шалдығады. 14 мыңға жуық жасөспірімге бақылау жүргізген АҚШ ғалымдары осындай ойға келді.

Нью-Йорк қаласындағы Медицина мектебінің ғалымдары 20 жасқа дейінгі 14 мыңға жуық жасөспірім мен жас жігіттерді бақылауға алып, арнайы зерттеу жүргізген екен. Зерттеу нәтижесінде, электронды темекі шегетіндердің шекпейтіндерге қарағанда эректильді дисфункцияға шалдығуы 2,4 есе көп екені байқалған.

Зерттеушілердің айтуынша, электронды темекінің құрамында никотин көп болады. Ал бұл қан айналымын нашарлатып, әсіресе, жыныс мүшесіне қан келуін қиындатады. Одан бөлек, электронды темекінің құрамындағы никотиннен басқа зиянды заттар ағзадағы тестостеронның айналымына да кедергі келтіретін көрінеді. Эректильді дисфункция содан пайда болады.

"Электронды темекінің ер адамға зиян екенін, жыныстық әрекетіне кедергі келтіретінін білуі тиіс", - дейді зерттеушілер.

Қазіргі таңда Ұлыбритания вайпингке шектеу қойып, оны дәрігердің нұсқауымен ғана қолдануға арналған құрал (темекіні қою үшін) ретінде пайдалануды ойлап отыр. 

Қ. Слямбек