Дәрігер ащы шай кімдерге зиян екенін айтты

Диетолог және кардиолог Әсия Хачирова "Бесінші арнаға" берген сұхбатында шай қай жағдайда адам ағзасына зиянын тигізетінін айтты.

Маман шайдың құрамында полифенолдар мен флавоноидтар – қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар заттар бар екенін еске салды.

Оның айтуынша, ұзақ қайнатылған ащы шай "шайдың интоксикациясын" тудырады.

"Мұндай шайды ішкен адамның қысымы көтеріліп, тамыр соғуы жиілеп, мазасызданады, физикалық белсенділік күшейеді, аздап эйфория пайда болады, бірақ кейін жүрек айнып, құсады. Оның салдары әлсіздік, депрессияға соқтырады", - деп ескертті Хачирова.

Бұл белгілер қандағы шай кофеинінің – теиннің жоғары мөлшерімен байланысты.

"Сондықтан қарттар мен жас балаларға шай ішу ұсынылмайды. Созылмалы ауруы жоқ басқа адамдар ғана шай ішуі керек", - дейді диетолог.

Сондай-ақ, ол шайдың денсаулыққа зияны және жанама болуы мүмкін екенін атап өтті. Шөптер немесе жидектер кептірілген шай жапырақтарына жиі қосылады. Мысалы, Кавказда шай жапырақтарына  майтамыр қосу әдетке айналған. Сусынның құрамындағы бұл шөп бауырды зақымдауы мүмкін.

"Майтамырдың құрамында пирролизин алкалоидтары бар. Пирролизиннің бауырға зақым келтіретіні дәлелденген. Сондықтан, бұл шайды абайлап пайдалануларыңызды сұраймын", - деді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "өмірді ұзартатын" өнімді атаған болатын. Дәрігердің айтуынша, аталмыш өнім  құрамында омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көп теңіз балығы.

Оның айтуынша, өнімде В12 дәрумені, йод және белоктар да бар, бірақ басқа өнімдер де бұл элементтердің тапшылығын өтей алады. Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көптеген ағзаға пайдалы. Ол ми жұмысын жақсартады, артрит пен депрессия қаупін азайтады, холестерин деңгейін төмендетеді. Мясниковтың айтуынша, омега-3 әжімдердің пайда болуын тежей алады.