Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы салдыра алады

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы салдыра алады

Премьер-министр Асқар Мамин ақылы екпе енгізу туралы ұсынысты қолдады. Енді қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы салдыра алады.

Елімізде мектептегі балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады

Естеріңізге сала кетейік, Comirnaty Pfizer вакцинасы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге тегін қол жетімді. Үкімет отырысында бұл санатқа жатпайтын қазақстандықтарға Pfizer компаниясына ақылы негізде екпе алу мүмкіндігін беру ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза көлеміндегі Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын алғанын айтты. Ал, екінші партияны 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Республиканың жеті облысында екпе егу басталды. Олар:  Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ВАК тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқын вакцинациялау үшін COVID-19 Comirnaty Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, егер қалаған адам ақылы негізде аталмыш вакциананы салдыра алады. Қолдауыңызды сұраймын", - деді Цой үкімет отырысында.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин министр мен ВАК ұсынысын қолдады.

"Мен нарықтың коммерциялық сегментіне вакциналарды жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын, осылайша тілек білдірушілер өздеріне қажетті вакцинаны ақылы түрде салдыра алады", - деді Мамин.

Айта кетйік, министр бұған дейін бұрын коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтарды қайта вакцинациялау 22 қарашада басталатынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы