Pfizer елге қашан келеді – министрдің жауабы

Pfizer елге қашан келеді – министрдің жауабы
Фото: currency.com

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының елге қашан жететінін және кімге салынатынын айтты.

Министрдің айтуынша, америкалық вакцина осы күзде, нақтырақ айтсақ, қазан айының басында келмек. Бірақ елдің бәріне берілмейді.

"Балалар мен аяғы ауыр әйелдерге салынады. Бұл вакцинаны күтіп уақыт өткізіп алуға болмайды. Бар екпені ала беру керек. Бір аптаның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина келеді. Қытайдан әкелінбек. Инактивті вакцина", - деді Цой Coronavirus2020.kz Телеграм-арнасында.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына вакцинаның қай түріне де қолжетімділік жасау үшін Pfizer вакцинасын елге жеткізуді тапсырған еді.

Pfizer/BioNTech вакцинасы – неміс биотехнологтары ойлап тапқан АҚШ-тың Pfizer және қытайдың Fosun Pharma компанияларымен бірігіп шығарған COVID-19-ке қарсы вакцинасы, мРНК базасында дайындалған.

Қ. Слямбек